$ 447.4  477.55  4.76

Ұлттық валюта бағамы 5 теңгеге нығайды

Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы Т+1 (USDKZT_TOM, келісім аяқталғаннан кейін келесі күнгі есебімен) 360,86 теңгені құрады деп жазады ҚазАқпарат.

Дүйсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетелдік валюта бағамы 5,07 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға - 360,3 теңге, ал ең жоғарғысы 363,5 теңге болған. Сауда көлемі 224,1 млн долларды құрады.

Дүйсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша 1 долларға 365,93 теңгені, күндізгі сессияда 365,4 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 365,49 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі 102,35 млн доллар болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары