Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

29.10.2018, 14:39

«Абу-Даби Плаза» мердігеріне ірі көлемде айыппұл салынды

Астана қаласының Табиғатты қорғау полициясы «Arabtec Consolidated Contractors Limited» компаниясын абаттандыру ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Күн сайын қалада табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері стихиялық қоқыс қалдықтарын төгуге жол берілмеуге бағытталған іс-шаралар жүргізіп отырады. Осы мақсатта қоқыс қалдықтары көптеп төгілетін жерлерге тексерістер жүргізілуде. Тұрғындар арасында әкімшілік заңнаманы бұзған үшін берілетін жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіп келеді.

Осылайша, Есіл ауданы ПБ ЖПҚ табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері аумақты тексеру барысында «Нұрлы жол» теміржол вокзалы ауданындағы саяжай массивінің аумағында «Абу-Даби Плаза» құрылыс нысанынан шығарылған құрылыс қоқыстарын тастаған «КАМАЗ» маркалы автокөлігінің жүргізушісін ұстады. Ол «қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидалары» ережесін бұзғаны үшін 48 100 теңге көлеміндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, бақылаусыз және абаттандыру ережелерін бұзуға жол бергені үшін жоғарыда көрсетілген объектінің бас мердігері - «Arabtec Consolidated Contractors Limited» компаниясы 721 500 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.