Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

29.10.2018, 16:21

Дәрігерлер СҚО-да көлік қағып, бір аяғын жұлып кеткен азаматтың жағдайы туралы айтты

Дәрігерлер СҚО-да көлік қағып кетіп, салдарынан бір аяғынан айрылған азаматтың жағдайы туралы туралы айтып берді деп жазады ҚазАқпарат.

№3 қалалық аурухананың травматолог дәрігері Уәли Бедешевтің айтуынша, 28 жастағы ер адамның сол аяғы жұлынып қана қоймай, бас-сүйек мидың жабық жарақатын алып, маңдай аумағы жараланған. Оң жақ жамбас сүйегі сынып, көп қан жоғалтып, травматикалық шок, көптеген жарақат алған. Қазір ол жан сақтау бөлімінде жатыр.

«Аурухананың жан сақтау бөліміне жатқызылды. Қазіргі уақытта жағдайы ауыр. Науқас есін біледі. Өзіне айтылған сөздерді де түсінеді. Жағдайы тұрақталғаннан кейін травматология бөліміне ауыстырылатын болады», – дейді Уәли Бедешев.

Дәрігер науқастың аяғын аман алып қалу мүмкін болмағанын айтады. Оның аяғының қан тамырлары мен жүйке талшықтары зақымдалған.

Ер адам ауруханаға жеткізілген кезінде есін біліп жатқан. Өзін қала көшелерінің бірінде көлік қағып кеткенін айтыпты.

Дәрігерлер ер адамның өзіне келуіне қанша уақыт қажет екенін айтуға ерте дейді.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.