$ 444.22  476.38  4.82

Құтқарушылар Индонезиядағы әуе апатынан қаза болғандар мен ұшақ бөлшектерін теңізден шығарып жатыр

Индонезия полициясы Lion Air әуекомпаниясының ұшағы құлаған жерде табылған адамдардың дене мүшелеріне ДНҚ-сараптама жасауды бастады деп жазады РИА Новости.

Осыған дейін құтқарушылар апатқа ұшыраған Boeing-737 MAX ұшағының 10 жолаушысының денесін тапқаны туралы хабарланды.

Сонымен қатар, сүңгуірлер адам мүшелері бар 14 қапты судан алып шықты. Олар ДНҚ-сараптамаға жіберілді.

Басылым мәліметінше, 152 адамның ДНҚ-сы алынған. Полиция басшысының орынбасары Ари Доно Сукамтоның айтуынша, кемінде 15 сарапшы-криминалист және ДНҚ сарапшылары жұмыс істеп жатыр екен. Іздеу шаралары жалғасуда.

Джакарта әуежайынан ұшып шыққан Lion Air әуе компаниясының Boeing 737 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.

«Ұшақ ұшып шыққаннан кейін он минут өткенде радардан жоғалып кеткен», - деп жазды Straits Times басылымы.

Индонезия жағалауына құлаған Lion Air ұшағының бортында елдің Қаржы министрлігінің 20 шенеунігі болған.

Сондай-ақ, қаза тапқан бір адамның табылғаны хабарланып отыр. Өз кезегінде ТЖ жөніндегі Ұлттық агенттік өкілдері апаттан ешкімнің де аман қалмағанын хабарлады.

Lion Air бюджеттік әуе компаниясының Boeing 737 MAX лайнері Джакартадан Суматра аралына жергілікті уақыт бойынша сағат 06.20-да (Астана уақытымен сағат 05.20-да) ұшып шығып, 06.33-те (Астана уақыты бойынша сағат 05.33-те) жоғалып кеткен. Батыс Яваның жағалауындағы теңізде ұшақ қалдықтары жатқаны туралы алғашқы хабарлама теңізшілерден сағат 06.45-те (Астана уақытымен 05.45-те) келіп түскен.

Дереккөз. Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары