08.11.2018, 11:51

Дәрігерлер қателесіп науқастың аяғын кесіп тастаған

Ресейдің Воронеж қаласындағы ауруханада дәрігерлер қателесіп науқастың сырқат емес, сау аяғын кесіп тастаған. Тергеушілер БАҚ-та жарияланған ақпаратты тексеріп жатыр деп жазады РИА Новости.

БАҚ-тың мәліметінше, еңбегі сіңген мұғалім, концлагерь тұтқыны Мария Дронованың оң аяқ табаны шіри бастаған. Ұлы оған шұғыл операция жасату қажеттігін түсіндіріп, ауруханаға апарған. 

Науқасқа операция жасалып, дәрігерлер ота сәтті өтті деп сендірген. Алайда, ұлы палатаға кірген кезде, оң аяғын емес, сол аяғын – жамбастың ортасына дейін кесіп тастағанын көреді. Дәрігерлер науқастың екі аяғын да кесіп тастау керек болғанын мәлімдеді.   

Дронованың ұлы оң аяқтың табанын кесіп алып тастау керектігі жазылған емхананың бағыттама құжаты жоғалып кеткенін айтады. Ол тергеу органдарына арыз жазды.

Ресейдің өңірдегі тергеу комитеті хабарлағандай, ауруханадан барлық медициналық құжат алынды, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Туыстарынан, оқиға куәгерлері мен медицина қызметкерлерінен жауап алынып жатыр.   

Дереккөз: Sputniknews.kz

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.