$ 444.32  473.33  4.76

Қазақстан азаматы Бішкек-Қордай автожолында 1-сынып оқушысын қағып өлтірді (ВИДЕО)

Жүк көлігінің жүргізушісі мектептен қайтып бара жатқан 1-сынып оқушысын қағып өлтірді деп хабарлайды Шу облысының Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармасының баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға 5 желтоқсан күні Ленин ауылы Бішкек - Қордай тасжолында болған.

«Қыз жолдың шетінде аялдама жақта тұрған. Оны өтіп бара жатқан жүк көлігі қағып кетті. Бала оқиға орнында қаза болды», – деді Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармасындағылар.

Жүк көлігінің жүргізушісі Қазақстан азаматы болған. Ер адам жол апаты болған жерден қашпады.  Бірден ұсталған. Сондай-ақ, ол тізгіндеген жүк көлігінің нөмірі де Қазақстанға тиесілі.  

Қазіргі уақытта тергеушілер оқиғаның себебін анықтап жатыр.

 Дереккөз: «Вечерний Бишкек» 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары