$ 444.22  476.38  4.82

Алматы облысында оқушылар химия пәнінен соң уланып, ауруханаға түсті

Алматы облысында оқушылар химия пәнінен соң бастары айналып, өздерін нашар сезінген. Балаларды ауруханаға жеткізді деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

12 желтоқсанда 11 бала уланып қалды. Оқиға Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылында болды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балалардың іші ауырып, жүрегі айнып, басы айналған. Сыныпта химия сабағы кезінде жаман иіс болғанын барлық оқушы айтқан. Бір қыздың миынан церебральды қыртыстың патологиялық дамуы байқалды.

Оқушыларға алғашқы көмек көрсетіліп, аудандық ауруханаға жеткізілді.

«Бұл белгілер екінші сабақта, математика пәні кезінде байқалды. Балалар химия сабағында фосформен жұмыс істеген. Олардан соң басқа сыныптағылар осындай тәжірибе жүргізді. Бірақ олардан ешқандай улану белгісі байқалған жоқ», – дейді мектеп директоры.

Қазір 11 баланың улану оқиғасы тексерілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары