Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


20.01.2019, 12:27

БҚО-да ірі жол апатынан екі адам көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі адам көз жұмды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, жол-көлік оқиғасы кеше кешкісін Орал-Атырау жолында, қалаға қарасты Круглоозерный мен Серебряков кенттерінің аралығында болды. Жол үстінде тұрған жеңіл көліктің қаңқасы ғана қалған деуге болады. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдем сағат 20.05-те шақырылып, оқиға орнында үш бригада жұмыс жасады. Жасы 35-40 және 40-45 жас шамасындағы екі әйел адам сол жерде көз жұмды. 1973, 1996 жылғы ер адамдар, 2001 жылғы жігіт облыстық ауруханаға жеткізілді. 

«1973 жылғы ер адам жансақтау бөлімінде. 1996 жылғы ер адам хирургия бөлімінде. 2001 жылғы жігіт амбулаториялық ем алуға жіберілді», деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Сақпосынова. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.