Алматыда Mercedes автокөлігінің жүршізушісі 3 жасар баланы қағып кетті, деп xабарлайды «Территория происшествий» СТВ арнасына сілтеме жасап.
Оқиға Ақжар шағынауданындағы Молдағұлова көшесінде болған. Түрлі дене жарақатын алған сәби жақын маңдағы ауруxанаға жеткізілді.
Mercedes автокөлігін кәмелетке толмаған бала жүргізгені белгілі болды. Қалған ақпараттар анықталып жатыр.