$ 449.58  486.94  4.86

«Жастардың үлкендермен жағаласып арақ ішкені шошытты»: шымкенттік қыз солтүстіктің тойынан алған әсерімен бөлісті

Бір жыл бұрын Петропавлда құрбысының тойына қыз жолдас болып барған шымкенттік қыздың көңілі түсіп қайтыпты. Ол оңтүстік пен солтүстіктің тойларының бір-бірінен айырмашылығын NUR.KZ порталына берген сұхбатында айтты.

«Астанадан таксимен барған соң, жолдан қатты шаршадым. Тойға дейін тынығып, демалып аламын деп ойладым. Бірақ, қателесіппін. Тойға деп жайылған дастарханды алғаш көргенде жағамды ұстадым. Отырайын десем еш жерде орын болмады. Майшабақ, кепкен көкөністер және саңырауқұлақтан жасалған салат қойған. Біз жақта бұларды дастарханға қоймайды. Ол ғана емес, суда қайнаған тауық етін берді. Оған қарап тәбетің қашып кетеді. Дәмі де жоқ. Маған бәрі біртүрлі көрінді», – дейді таңданысын жасырмаған Алуа.

«Менің жағамды ұстатқан тағы бр жәйт: жастардың үлкен кісілермен жағаласып ішімдік ішкендері. Бізде де ішеді әрине, бірақ үлкендерге көрсетпейді. Ал, егде жастағы кісілер біз жақта спирттік ішімдікті мүлдем аузына алмайды», - дейді оңтүстіктің тұрғыны.

Петропавлдың тойынан аш қайтқан Алуа соңында сушиді қанағат тұтыпты.

«Солтүстікте етті дәмді дайындайды деп естіген едім. Бірақ алдымызға тұзсыз, кептеліп қалған ет әкелді. Тойдан кейін сондағы ойын-сауық орталығына барып сушиге қарнымды тойдырып қайттым», – деп сөзін тәмәмдады солтүстіктің тойынан көңілі қалған Алуа.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары