Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


02.05.2019, 10:43

Ақтөбеде 13 жастағы жасөспірім адам өлтірді деген күдікке ілінді

Elana.kz

Ақтөбеде 13 жастағы жасөспірімнің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ол 10 жастағы жеткіншектің өлімі үшін күдіктелуде хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға Ақтөбе қаласында ойнап жүрген екі мектеп оқушыларының арасында болған.  

Төртінші сынып оқушысының денесі 21 сәуір күні жер қойнына тапсырылды. 10 жастағы бала ұзақ уақыт ауруханада комада жатқан.

«Бұл оқиға мектепте болған жоқ. Өткен жексенбі күні жерлеу рәсімі өтті. Бала демалыста үйінің қасында достарымен ойнаған. Кейін баланың жағдайы нашарлап ауруханаға апарады. 9 сәуірде және 16 сәуірде екі рет ота жасалған. Бала комада болғаннан есін жинай алмаған», – дейді мектеп директорының орынбасары.

10 жастағы баланың өліміне басқа мектептің жетінші сынып оқушысы күдікті деп танылған. Қазіргі уақытта ол сабаққа барып жүр.

«Мектепте ата-аналармен кездесулер өтті. Қазір ол бала сабаққа келіп жүр. Сабақ үлгерімі жағынан екпінділер қатарында. Тәртібі жақсы. Бұрын оқушылар арасында ондай жағдай болып көрген жоқ», – дейді мектеп директоры.

Полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық істің қозғалғанын растады.

«Бұл жағдайға қатысты ҚР ҚК-нің 106 бабымен іс қозғалды. Сараптама жүргізіліп, тергеу амалдары жүріп жатыр», – деді ПД баспасөз қызметі.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.