$ 443.35  475.54  4.82

Валюта алмастыру орындарында 1 доллар 361 теңгеге сатылуда

Еліміздегі валюта алмастыру орындарында теңге бағамы долларға шаққанда тағы құлдырады. Kurs.kz порталында 1 доллардың орта есеппен 361 теңгеге сатылып жатқанын көруге болады.

Валюта бағамы әр қалада әр түрлі. Ең төмені 360,3 теңге болса, ең қымбат доллар 362 теңгеге сатылып жатыр. ҚР Ұлттық банкі болса 1 долларды 356,8 деп бекіткен.

Айта кетейік, елімізде соңғы бір ай ішінде доллар бағамы күрт өсіп кетті. Осыдан бірнеше күн бұрын ғана валюта алмастыру орындары 1 доллардың құны 345-347 теңге болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары