$ 444.22  476.38  4.82

Шымкентте 51 жастағы әйел үй ауласына көкнәр өсіріп сатқан

Шымкенттік полицейлер 51 жастағы әйелдің үйінен 900 түп көкнәр өсімдігін тауып алды. Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Оңтүстік Қазақстан облысында «Көкнәр -2017» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Шымкент ҚІІБ есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері есірткілік қасиеті бар өсімдіктерді өсірді деген күдікпен 1966 ж.т. Қарамұрт елдімекенінің тұрғынын ұстады.

Үйін тінту барысында күдіктінің ауласынан құрамында есірткісі бар 900 түп көкнәр тектес өсімдік түптері айғақты зат ретінде тәркіленіп алынған. Сот-криминалдық сараптамасына сай, тәркіленген өсімдіктер жалпы салмағы 11 кг асатын көкнәр есірткі заты екені анықталды.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 300-бабымен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) қылмыстық іс қозғалды. Күдікті Шымкент қаласының УҰИ жөнелтілді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары