19.02.2018, 22:24

Мектептерде xиджабпен күрескен Б.Сапарбаев командасы енді xристиан дінін насиxаттай бастады ма?

Ақтөбеде масленица мейрамын тойлатқан мұғалімдердің басы дауға қалды. Орамал таққан оқушы қыздарды мектепке кіргізбей, соттасып жүрген жергілікті биліктің бұған қалай рұқсат еткені белгісіз деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Оның үстіне, түп тамыры христиан дінімен ұштасатын славян халқының бұл мерекесін атап өту еліміздегі оқу бағдарламасында қарастырымаған. Десе де, Ақтөбедегі біраз мектептің басшылары мұны құлаққа да ілмепті. Керсінше барлық ата-ана мен оқушыларды жинап алып, аулада адам тұлыбын жаққан. Мұның өрт қауіпсіздігіне қарсы екенін елемеген де. Ең қызығы балабақшалар да мұндай шараны ұйымдастырудан шет қалмапты. Дінге қатысты бар дәстүрлерді кез келген білім ошағында дәріптеуге тыйым салынған. Ал жаппай түсініктеме жазып жатырқан мұғалімдер, мерекенің астарына мән бермедік деп ақталды.

Ләззат Алдабергенова, №26 мектеп директорының орынбасары:

- Келесі жылы істемейміз ғой енді. Орыс мектеп болғасын ұйымдастырған.Олар ешқандай діни мақсатты көздемеген.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.