$ 443.85  474.3  4.8

Мақпал Жүнісова Болат Назарбаевтың өзіне қамқоршы болып келгенін жасырмады

Танымал эстрада әншісі Мақпал Жүнісова ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевты туған күнімен құттықтай отырып, оған арнап альбом шығарғанын айтты.

Осыдан екі күн бұрын Болат Назарбаев 65 жасқа толған болатын. Әнші жүрекжарды лебізін өзінің Instagram-парақшасы арқылы жеткізді.

«Бүгін Болат Әбішұлы 65 жасқа толып жатыр, өмірі жасыңыз ұзақ болсын, екі дүниенің жақсылығын көру нәсіп етсін, Мерей екеумізге қамқоршы боп келе жатырсыз, басымызды иеміз, мына күйтебақты туған күніңізге шашу ретінде шығардым», - деп жазды Жүнісова өзінің Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, Болат Назарбаев бұған дейін жағдайы төмен отбасыларға материалдық көмек беріп, бірнеше адамға үй салып берген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары