$ 443.85  474.3  4.8

Көше ортасында сүйіскен алматылық қыздар жұртты шошытты (ВИДЕО)

Көше ортасында бір-бірімен сүйісіп тұрған қыздар көлік жүргізушісінің жағасын ұстатты. Бұл сәтті видеокамераға түсіріп алған куәгер бейнежазбаны Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшалардың біріне жариялаған.

Алматы қаласында көше ортасында бір-бірімен аймалсып, сүйсікен қыздарды көлік жүргізушісі кездейсоқ байқап қалса керек. Артынша, ұялы телефонының камерасына түсіріп алған. Ары-бері өткендерден еш қымсынбастан сүйіскен қыздардың жасөспірімдік жаста екенін байқауға болады.

Бейнежазбаны көрген әлеуметтік желі қолданушыларының көбі қыздардың бұл қылығын жиіркенішті санаса, енді бірі әркім өзі біледі дегенге салды.

Еске салсақ, бірнеше ай бұрын Алматыдағы ойын-сауық сауда орталықтарының бірінде бір-бірімен сүйіскен қыздар да телефон камерасына түсіп қалған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары