$ 444.22  476.38  4.82

20 жыл адасып жүрдік: Дана Нұржігіт екінші күйеуінің бұрын көршісі болғанын айтып өкінді (ВИДЕО)

Қазақстандық танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт екінші күйеуімен Қызылордада 1 көшеде тұрғанын, тіпті 1 балабақшаға барғанын айтты.

«Тағдыр жолы бұралаң деген рас-ау... Былтырғы шілдеде, тойымыздың алдында үлкендерден бата аламыз деп, елге тарттық. Екеуміздің де түп-тамырымыз Сыр елі. Қорқыт баба басына тәу етіп, Қызылордада тұратын тәтелеріміздің алдынан өттік. Кешке 8 жасыма дейін өмір сүрген Қызылордамды көргім келіп, серуенге шықтық. Қол ұстасқан екеумізді көрген адам сыртымыздан күлер ме еді, қайдам, бірақ, біз расында да, сол кеште 18-20 жастағы қыз бен жігіттей бақытты едік. Менің есімде қалған Қызылорданың масасы қайда, желмен бірге ауызыңа лап беретін құмы, топырағы,шыбын-шіркейі қайда, құдай-ау?! Маңдайыңнан өбіп, шашыңды еркелете сипаған кешкі самал, сені көптен күтіп сағынған таныс көшелер, қасыңда өзіңді өмір бойы адасып жүріп, тапқан адамың...
Бұл кеш жүректі елжіретіп қуаныш сыйлаған, сондай-ақ, сол жүректі езіп жіберер өкінішке де толы болды...
Біз бір көшеде тұрыппыз, бір балабақшаға барған екенбіз, кезінде Мұрат ашқан мейрамxана тап мен тұрған үйдің қасында бүгін де тұр! Бірақ... Осының бәрін білу үшін біз жиырма жыл адасып жүрген екенбіз!», – деп жазды танымал тележүргізуші өзінің Instagram-парақшасына.

Айта кетейік, Дана Нұржігіт былтыр шілденің 27-сі күні Астана төрінде үйлену тойын дүркіретіп өткізген еді. Оның бірінші күйеуі Владимир Рерихпен ортақ некесінен Әлім есімді ұлы бар.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары