$ 498.34  519.72  4.85

QAZKOM-ның Астанадағы бөлімшесі клиентке қазақша қызмет көрсетуден бас тартты (ВИДЕО)

Бұған дейін Air Astana әуе компаниясының мамандарын қазақша сөйлемегені үшін сотқа беріп, жеңіске жеткен түрік журналисі Оғыз Доған бұл жолы QAZKOM банкінің қызметкерлеріне өкпесі қара қазандай. Қазақша қызмет көрсетуден бас тартқаны өз алдына, банк ғимаратынан мені итеріп шығарып жіберді деген ол енді QAZKOM-ды сотқа беремін деп отыр.

Оқиға 25 сәуір күні банктің Сарыарқа көшесіндегі филиалында болған дейді журналист. Ол бөлімшеге барып жеке шот аштырмақ болыпты. Алайда, банк қызметкері қазақ тілінде қызмет көрсетпеген. Оғыз Доған бөлімше басшысына шағым айтпақ болғанында өзін Әлия деп таныстырған әйел де қазақша жауап бере алмады.

Мұнан кейін осы ғимаратта күзетші болып істейтін екі ер азамат журналисті есіктен итеріп шығарып жіберген. Қазақстанда жүріп қазақ тілінде қызмет ала алмадым деп ренжіген түрік азаматы енді тағы да сотқа жүгінетінін айтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары