$ 494.87  520.65  4.91

Имамдар мешітке түскен ет, басқа заттарды көліктеріне тиеп алып кетеді – қайыршы әйел (ВИДЕО)

Шымкентте мешіт алдында қайыр тілеп жүретін азаматшалар имамдардың әрекетіне наразы. Айтуларынша, мешіт қызметкерлері қайырымды жандардан түскен азық-түлікті үйлеріне өздерімен бірге алып кетеді екен.

Айнаш есімді келіншек кішкентай екі қызымен Ордабасы алаңындағы мешіттің алдында қайыр тілеп жүреді.

«Жағдайдың жоқтығынан көшеде қол жайып жүрмін», — дейді ол.   Алланың үйіне қайырымды жандардың көп келетінін ескерсек, қайыршылар үшін мешіттің алды нағыз табыс көзі. Бірақ, мұндағы имамдар әсіресе «Рамазан» айында қайыршыларға қырғидай тие бастапты. Тіпті тұрғындардан келетін азық-түліктерді өздерімен бірге алып кетеді екен.

«Имамдар мешітке келген азық-түліктерді өзімен бірге алып кетеді. Осы видеоны көрсеңіздер қолдарыңыздан келгенше көмектесіңіздерші. Үйім жоқ. Баспана жалдап тұрамын. Мешіттің алдында қайыр сұрап жүреміз. Имамдар мешітке түскен ет, басқа да заттарды көліктеріне салып, бес-алты пакет алып кетеді», — дейді қайыршы әйел.

Дереккөз: NUR.KZ

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Мешіт #имам