24.09.2018, 22:13

«Тұлпар мініп, ту алған» ұлттық байқауы мәреге жақындап келеді (ФОТО)

Батырлар жырын жатқа айту бойынша Алматы қаласы әкімдігі ұйымдастырған «Тұлпар мініп, ту алған» Ұлттық байқауы мәреге жақындап келеді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы қалалық айтулы жобаға «Алпамыс батыр» жыры таңдалды. Байқауға Алматы қаласындағы барлық мектептің 6-10 сынып аралығында оқитын кез-келген оқушысы қатыстырылды.

Байқау екі кезеңнен тұрады:

Аудандық кезең (2018 жылдың 10-19 қыркүйегі аралығы),

Қалалық қорытынды кезең – мәре (2018 жылдың 26 қыркүйек).

Қазіргі уақытта қаладағы 8 ауданның әрқайсысынан 3 жеңімпаздан, жалпы 24 оқушы қалалық қорытынды кезеңге жолдама алды. Олар 26 қыркүйек күні, сағат 10:00-де қалалық Оқушылар сарайында сайысқа түсіп, өзара жеңімпазарды анықтайды. Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі 2 қазан күні «Алатау» дәстүрлі өнер театрында өтеді.

Жүлде қоры:

Бірінші орын (біреу) – 1 500 000 теңге;

Екінші орын (біреу) – 1 000 000 теңге;

Үшінші орын (біреу) – 500 000 теңге;

Ынталандыру сыйлығы (үшеу) – қомақты сыйлықтар.

Жүлдегер болған әрбір оқушының тәлімгері Англияның Оксфорд қаласына барып, Тіл білімін жетілдіру орталығында ағылшын тілін терең меңгеріп қайтады:

Бірінші орын – 3 ай;

Екінші орын – 2 ай;

Үшінші орын – 1 ай.

АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

Алатау ауданы бойынша

I oрын. Абсатар Аружан, тәлімгері Майра Айыпханқызы

II oрын. Бекзат Шардарбек, тәлімгері Фарида Сүлейменова

III oрын. Абылай Бердашев, тәлімгері Айжан Оспанбекова

Алмалы ауданы бойынша

I орын. Иманғали Нүптеке, тәлімгері Гүлназ Оспанова

II орын. Аида Жүсіпова, тәлімгері Мүслімхан Монжий

III орын. Айсұлу Сьезхан, тәлімгері Айгүл Мұхамеджанова

Әуезов ауданы бойынша

I орын. Серік Дінмұхаммед, тәлімгері Меруерт Маржанова

II орын. Нұртұлға Әділұлы, тәлімгері Жанар Қалмақан

III орын. Санат Ғизатұлы, тәлімгері Салтанат Нүсіпова

Бостандық ауданы бойынша

I орын. Гүлдана Елубай, тәлімгері Айжан Зарқымова

II орын. Бекнұр Бақытбек, тәлімгері Гүлзада Ақымбекова

III орын. Меруерт Дауқали, тәлімгері Толғанай Әзімбай

Жетісу ауданы бойынша

I орын. Арайлым Нұрғалиева, тәлімгері Ізмұқанова Ақсүйек

II орын. Айдын,Айбын Мұратұлы, тәлімгері Қауменова Рысханым

III орын. Тоғжан Нүсіпбек, тәлімгері Сакеева Гүлхан

Медеу ауданы бойынша

I орын. Ерасыл Сәлмекеев, тәлімгері Назира Бостанова

II орын. Мұратжан Советжанұлы, тәлімгері Бтбігүл Макеева

III орын. Шәкәрім Әбілғазы, тәлімгері Қайырғазы Алтынбаев

Наурызбай ауданы бойынша

I орын. Михаил Шут, тәлімгері Маржан Сансызбаева

II орын. Әнел Қуанышбек, тәлімгері Мейрамбек Тұрсаев

III орын. Аружан Ерлан, тәлімгері Әсел Түсіпова

Түркісіб ауданы бойынша

I орын. Шыңғысхан Армия, тәлімгері Айгүл Мамытова

II орын. Мәншүк Арыстанбек, тәлімгері Гүлжан Оспанова

III орын. Нұрдәулет Тоқабай, тәлімгері Жанар Қуанышева

Дереккөз:Talqy.kz 

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.