$ 498.51  522.84  4.81

«Өз ойым» бағдарламасында пәктігін сатқысы келген қыз рөл ойнағанын мойындады (ВИДЕО)

Жетінші арнаның «Өз ойым» бағдарламасында пәктігін 2 миллион теңгеге сатамын деп елді дүрліктірген қыз рөл ойнағанын мойындады. Рөлді сомдағанын Айнұр Жәнібекова әлеуметтік желідегі бейнежазбада баяндап берген. Ал, Айнұрдың шындығын Нұрболхан есімді әзілкеш Instagram парақшасында әшкере етіп, жұрттан қызды кешіруін сұраған.

«Құрметтi Отандастар, мен қателескен екенмiн. Кешiрiм сұраймын! Өз Ойым, мен ойлағандай емес екен. Мен жай бергi жағын ғана көрiп жүр екенмiн.

Айтпағым мынау: Кешегi бағдарламада кейiпкер болған қыз, Өз Ойымның арғы жағын айтып бердi. Ол қыз жайлы қысқаша ақпарат. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студентi. Есiмi - Айнұр. Қазақ қызы қалайша арын аукционға салатындай дәрежеге түстi деп, ол қыздың ата-анасымен тiлдесу үшiн, немесе өзiмен сөйлесу үшiн телефон номерiн iздестердiм. Таптым. Сөйлестiм. Сондағы бар шындық видеода (Толық көрiңiз).»,-деп жазды Нұрболхан.

Аңқау қыздың айтуынша, бағдарламаны ұйымдастырушылар алдымен оған пәктікке байланысты пікір білдіресің дегенімен, кейін халықты шулату, дүрліктіру үшін «Мен қыздығымды сатамын» деп айтасың деп түсіндірген. Бағдарламаның соңына дейін сатамын деп айтасың, сатпаймын деме деп үйреткен.

«Маған негізі мұның бәрін айтпа, ешкім білмесін деген. Енді маған бірдеңе бола ма деп қорқып тұрмын. Олар заң жүзінде қудалаймыз деген. «Өз ойым» бағдарламасының өтірік екенін айтпа деді. Бірақ менің сабағыма, өміріме кесірі тиіп отыр», — дейді бейнежазбада Айнұр Жәнібекова.

Бағдарламаға қатысуды қызық көрген қыз қазір өзі білім алатын оқу орынан, жатақханадан шығарылған. Бойжеткен қазір жасаған өсіне өкінеді. 

«Құрметтi Айнұрдың туыстары, өз қыздарыңызға кешiрiммен қараңыздар. Ақ, қарасын ажыратып берiңiздер, жөнге салыңыздар.

Қадiрлi, Абай атындағы АМУ университетiнiң ректоры Тахир Оспанұлы, Айнұрдың балалығын, шалалығын кешiрiп, оқуын әрмен қарай жалғастырып, қайта қалпына келтiрiп беруiңiздi сұраймын. Сүрiнген Қазақтың бiр қызына сүйеу болыңыз!

Айналайын Айнұр қарындасым, жаңылған екенсiң, шекеңе тиген шығар. Хайпталам деп, айыпталып қалдың. Айтарым, арыңды сатпа, барыңды сақта!»,- деген Нұрболхан Айнұрды кешіріп, көпшілікті оған қолдау білдіруге шақырады. 

Еске сала кетейік, күні кеше ғана белгілі заңгер Айгүл Орынбек «Өз ойым» бағдарламасында көтеріліп отырған тақырыптарды сынап, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан экранды сүзгіден өткізуді сұрады. Кейін көрермендер де бағдарламаның кезекті тақырыбына қатысты жағымсыз пікірлер жазып, ток-шоуды жабуды талап етті. Ал, «Өз ойым» ток-шоуының продюсері Жангелді Таңатбекұлы «бағдарлама жабылсын» деп шулағандарға жауап ретінде мәлімдеме жасаған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары