$ 444.22  476.38  4.82

Бейбіт Ыстыбаев бастық болды

«Қазақстан барысы» республикалық жарысын үш рет жеңіп алған танымал палуан Бейбіт Ыстыбаев жаңа қызметке тағайындалды деп хабарлайды Жамбыл облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Бұдан былай Бейбіт Ыстыбаев «Жекпе-жек кәсіпқой спорт клубы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын басқаратын болады. Оның үлкен спортпен кәсіби тұрғыда ары қарай да айналыса беретіні әзірге белгісіз. 

Бейбіт Ыстыбаев Жамбыл облысы Талас ауданының Бөлтірік ауылында 1985 жылы дүниеге келген. 2012, 2015 және 2016 жылдары «Қазақстан барысы» турнирінде топ жарып, үш мәрте «Барыс» атанған жалғыз балуан. Сондай-ақ, «Еуразия барысының» жеңімпазы. Қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары