$ 445.66  474.58  4.78

Н.Назарбаев теннистен Қазақстан ұлттық ерлер құрамасын тарихи жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қазақстанның теннистен ерлер құрамасын Дэвис Кубогінің қазіргі чемпионымен ойында жеңіске жетуімен және осы үздік турнирдің әлемдік тобына өтуімен құттықтады деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Сіздердің мықты қарсыласпен бәсекеде табандылықпен жеткен жарқын жеңістеріңіз еліміздің спорт жылнамасындағы айтулы жетістік болып отыр. Қайсарлық пен қайрат-жігерлеріңіздің арқасында Қазақстан теннис мектебінің жоғары деңгейде екенін тағы да бір таныттыңыздар», – делінген жеделхатта.

Соңында Елбасы құрама мүшелеріне зор денсаулық тілеп, спорттың жаңа белестерінде табысқа жетулеріне ниеттестік білдірді.

Еске салайық, кешегі аптаның демалыс күндері теннистен Қазақстанның ерлер құрамасы Астанада Аргентина теннисшілерімен кездесіп, жалпы есепте 3:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Қос ұпайды команда капитаны Михаил Кукушкин алып берсе, жұптасып өнер көрсеткен Александр Недовесов пен Тимур Хабибулин де аргентиналық қарсыластарын аса қиындықсыз жеңді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары