$ 444.22  476.38  4.82

Абель Санчес: «Головкин өзгемен емес, Альвареспен жұдырықтасқысы келеді»

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) жаттықтырушысы Абель Санчес BoxingTalk тілшісіне сұхбат беріп, 5 мамырға әзірлеп жатқан жоспарларымен бөлісті. Айтулы күні Лас-Вегаста GGG мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альвареспен жұдырықтасуы тиіс болатын. Алайда, Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік Альварестің ағзасынан тыйым салынған препаратты тапқаннан кейін, аталған кездесудің өтуі күмәнді жағдайда қалған еді.

Қазіргі таңда Головкиннің командасы 5 мамырға бірнеше жоспар әзірлегендерін айтып отыр. Егер антидопингтік агенттік Альварестің жұдырықтасуына рұқсат бермесе оны кім алмастыруы мүмкін? Бұл туралы Абель Санчес айтып берді.

- NSAC Сауль Альварестің мәселесін 10 сәуірде емес, 18 сәуірде қарайтынын жуырда ғана мәлімдеді. Бұл нені білдіреді? Жекпе-жек болмайды ма?

- Иә, біз бұл туралы естідік. Бірақ, бізде артық ақпарат жоқ, жұрттың білгенін ғана білеміз. Бізге ешқандай артық ақпарат берілмейді. Амал жоқ, сол шешімді күтеміз енді. Бірақ, бұл мерзімге жылжыуы біз үшін де әділетті емес, жекпе-жек 5 мамырға жоспарланған, егер рұқсат берсе дайындалып та үлгермейміз. Сондықтан, ешнәрсеге қарамастан қазір дайындық жүргізіп жатырмыз.

- Сіз қалай ойлайсыз, Канело расымен де допинг қолданды ма, әлде бұл расымен де білместіктен болған ба?

- Ол өз спорттық жолында алғаш рет допингпен ұсталып отыр. Олардың допингке қатысты өз пікірлерін тыңдадым, бірақ, айтқандарына толықтай сенемін деп айта алмаймын. Бірақ, ол алғаш рет ұсталып отыр. Сондықтан, қосымша тексеру болады, сол тексеріс нақты анықтап береді. Алдағы комиссия отырысында дәл осы тексеру қорытындысы айтылады деп үміттенемін. Оны енді уақытында көреміз. Мен тағы қайталап айтамын, біз 5 мамырда өтетін Головкин-Альварес жекпе-жегіне әлі дайындалып жатырмыз, кездесудің болатынынан үмітіміз мол.

- Егер NSAC ешқандай тексеріс жүргізбесе сіздер бәрібір Альвареспен жекпе-жек өткізуге дайынсыздар ма?

- Иә, Головкин соны қалап отыр. Қазір бізге ешнәрсе байланысты емес. Бірақ, Геннади өзгемен емес, дәл Альвареспен 5 мамыр күні жұдырықтасқысы келеді. Альварес болмаса амал жоқ, өзге боксшымен кездеседі. Том Леффлердің қосымша жоспарлары бар екеніне сенімдімін. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары