Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


21.08.2017, 14:53

ОҚО-да "Баха-баха" деген лақап атпен танымал экс-депутат 10 жылға сотталды

Оңтүстік Қазақстан облысының ең дәулетті тұрғындарының бірі 10 жылға сотталды деп мәлімдеді Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Дәурен Мадалиев.

"Баха-баха" деген лақап атпен танымал кәсіпкер, Сайрам аудандық мәслихатының экс-депутаты Бақытжан Аймырза алдағы 10 жылын қатаң режимдегі түрмеде өткізетін болады. Ол аса ірі көлемде ақша бопсалаған деп айыпталып отыр. Атап айтқанда, Б.Аймырза кәсіпкер танысынан темір-бетон зауытын өз атына жазып беруді, болмаған жағдайда 1 миллион доллар беруді талап еткен. Экс-депутат биыл мамыр айында өз үйінде ақшаның бір бөлігін алып жатқан кезде қолға түскен болатын.

Өзіне оқылған үкімді Б.Аймырза сабырлы түрде тыңдап, ешқандай эмоция білдірген жоқ. Түрмеге қамалғаннан бөлек оған тиесілі дүние-мүлік те тәркіленетін болады. Белгілісі, экс-депутат Сайрам аудандық телеарнасының және бірнеше мейрамхананың қожайыны.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.