$ 443.35  475.54  4.82

Сақалдыларға «крыша» болған: Ақмола облысында лауазымды полицейлер ұсталды

Ақмола облысында бір топ лауазымды полицей ұсталды. Жемқорлыққа қарсы бюро Ішкі істер департаментінің бірнеше қызметкерінің қолына кісен салды. Сақшылар «Қазақалтынға» қарасты шахтадан заңсыз алтын қазғандардың қылмысын жасырып келген деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Әрине, тегін емес, қомақты параға. Ұсталғандардан 23 миллион теңге, қару, жарылғыш зат, алтын табылған. Қылмыстық топтың қатарында Степнагоррск аудандық Ішкі істер басқармасы басшысының орынбасары Тоқмырза Дүйсембаев, жедел қызмет уәкілдері Жекібаев, Құлышов және Ақсу елдімекені  полиция бөлімінің басшысы Бибатыров, Бестөбе ауылы полиция бөлімінің басшысы Айнагелдинов болған. Сондай-ақ, құрықталғандардың арасында  жат ағымының жетегінде жүргендер де бар. Тергеу материалдарына қарағанда, полицейлер сенімді өкілдері арқылы қарақшылардан жүйелі түрде ауызбастырық алып келген. Сөйтіп, қылмыскерлерге шахтаға заңсыз түсіп, алтын қазуға жағдай жасаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары