$ 449.3  489.69  4.89

7 жасар баланың ісі: ОҚО-да әрекетсіздік, қылмысты жабу, қызметін асыра пайдалану деректері бойынша тексеру жүріп жатыр

ОҚО-да зорланды деген 7 жасар бала мен оның анасын өз қарауына алған қоғам белсендімсі Аружан Сайын аталған істің қалай жүріп жатқандығы туралы өзінің Facebook-парақшасында жазды.

Оның айтуынша, қазіргі таңда ҚР Бас прокуратурасы ОҚО-дағы білім бөлімдеріне, ОҚО ІІД-ге және ОҚО прокуратурасына қатысты әрекетсіздік, қылмысты жабу, қызметін асыра пайдалану деректері бойынша тексеру жүріп жатыр екен.

"Біз қазір бұл жағдай бойынша өте көп ақпарат алып жатырмыз. Бірақ, көбі жалған ақпарат болып шығуда. Бізге сондай-ақ, көмек көрсеткісі келетін азаматтардан өте көп ұсыныстар келіп жатыр. Сол кісілердің есебінен бүгінде баланың анасына және әжесіне және заңды өкіліне билет сатып алынды", - деп жазды қоғам белсендісі әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның айтуынша, баланың анасы Астанаға келгеннен бергі ұйымдастыру жұмыстарының бәрін танымал кәсіпкер, "Ана үйі" қоғамдық қорының басшысы Айдын Рахымбаев өз мойнына алған. Сондай-ақ, ана мен балаға танымал психолог Гүлзат Ассанова қолдау көрсетіп, қолынан келгенше көмектесіп жатыр екен.

"Біз осынау істің Бас прокуратураға өткені үшін алғыс айтқымыз келеді және ол барынша шынайы, кедергісіз және тек қана заң аясында жүреді деген үміттеміз. Адамдар алғашында бұл отбасыға көмектесеміз дегенде біз істің дәл бұлайша өрбитінін мүлдем білген жоқпыз. Өйткені, полиция әжесі мен немересін пойызға мінгізбей, күштеп алып кеткеннен кейін бұл жағдай бақылаудан шығып кетті, әсіресе ақпараттық кеңістікте. Істі дәл бұлай ушықтырмауға әу баста болар еді, біз оған сенімдіміз", - дейді Аружан Сайын.

Еске салайық, ОҚО Сарыағаш ауданы Абай ауылында 7 жасар немересінің бір емес бірнеше рет зорланғаны туралы шағым айтқан әже туралы мақала осыдан бір апта бұрын жарияланған болатын. Жергілікті газетте жарияланған мақалада айтылғандай, 1-сынып оқушысын көрші мектептің 7-8 сыныбында оқитын бірнеше бала өткен жылдың тамыз айынан бері зорлап келген көрінеді. Мұны әжесіне баланың өзі айтып келген. Алайда, зейнеткердің сөзінше, оның арызын не жергілікті полиция, не мектептің директоры қабылдамаған екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары