$ 494.87  520.65  4.91

Білім министрі ОҚО-да зорланды деген балаға қатысты пікір білдірді

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ОҚО-да зорланды деген жеті жасар баланың ісіне қатысты пікір білдірді деп жазады Sputnik Қазақстан.

«Қазір тергеу жүріп жатыр. Менің ойымша, әр бес минут сайын шығып, интервью берудің қажеті жоқ. Тергеу қорытындысын күтейік. Біз прокуратура, ішкі істер басқармасымен консультация жүргіздік. Әзірге тергеу жүріп жатыр. Мен сіздерді де баланың мүддесі үшін осы сұрақ бойынша қосымша түсініктемелерден бас тартуға шақырамын», — деді Сағадиев журналистерге мәжілісте өткен үкімет сағатынан кейін. 

Министр баланың қауіпсіздігі қамтамасыз етілгенін, көп адам осы мәселемен айналысып жатқанын айтты.

«Мектеп әкімшілігіне байланысты қандай шара қолданылады?», — деп сұрады БАҚ өкілдері. 

«Тергеу қорытындысы, сараптама нәтижесі шыққан кезде, қандай да бір фактілер расталса, біз ең қатаң шара қолданамыз», — деп мәлім етті ол. 

Бұдан бөлек, министр тергеу аяқталғасын, ОҚО мектептерінде кешенді тексеріс жүргізілетінін алға тартты. 

Министр «біздің балалар мектепте қорғалған деп есептейсіз бе?» деген сұраққа: 

«Мұндай фактілер болады. Сәуір айының басында Алматыда барлық үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу өткізуді жоспарлап отырмыз. Біз Аружан Сайынды, басқаларын да осы жиынға шақырамыз. Осындай фактілердің болу мүмкіндігін азайту үшін мемлекет пен қоғам тарапынан қолға алынуы тиіс қосымша шараларды талқылаймыз», — деп жауап берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары