$ 472.49  515.44  5.41

Мұрат Тоқмәдиге тағы бір үкім шықты

Бүгін Жамбыл облысының Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында Мұратхан Тоқмәдиге қатысты үкім шықты, - деп жазады Tengrinews.kz.

"10 жыл және алты ай қауіпсіздігі ең жоғары мекемеде өтесін. 15 күн ішінде сот шешіміне қатысты шағым түсіруге болады", - деп оқыды үкімді судья Азамат Тілепов.

Айта кетейік, сот бір ай уақытқа созылды. Осы уақытқа дейін 50 куәгер тыңдалды, олардың ішінде шетелдік мамандар да бар. Сонымен қатар, сот кезінде оқ көліктің артқы орындығынан атылғаны дәлелдейтін көптеген сараптама қорытындылары келтірілді. Іс жалпы 79 томнан тұрады.

Бизнесмен ҚР ҚК-нің 96-бабы 2-тарауының ж, 3 тармақтары бойынша айыпталды.

Прокурор Тоқмәдиді 12 жылға соттап, жасалған сараптамалар үшін одан 356 000 теңге өндіріп алуды сұраған. Ал адвокат он жылдан аз беруін сұраған.

Мұның алдында сот ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевтан Тоқмәди ісі бойынша БАҚ-тың қатысуынсыз жауап алған болатын.

Қазақстанның ҰҚк-нің мәліметінше, Мұхтар Әблязовтың тапсырысымен "Банк Туран Алем" АҚ басқарма төрағасы Ержан Тәтішевті өлтіруге күдікті 2018 жылдың 8 наурызында, сағат 19:20-да Мұратхан Тоқмәди Жамбыл облыстық ауруханасынан қашуға тырысқан. Ол жедел түрде Таразда ұсталып, Жамбыл облысы ІІД-нің тергеу абақтысына қамалған.

Бизнесмен Мұратхан Тоқмәди 2017 жылдың маусымында қамауға алынған болатын. Алматының Алмалы аудандық соты оны қару-жарақ пен жарылғыш заттарды сатып алғаны, сатқаны, сақтағаны үшін айыпты деп таныды. 2017 жыл 10 қазанда ол 3 жылға бас бостандығынан айырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары