Нұрлы жол 23.08.2017 сағат 10:55  880

Дәрігерге медициналық біліммен қатар заңдық сауаттылық ауадай қажет

Бүгін Алматы қаласы №7 қалалық-клиникалық аурухана қызметкерлері ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесті. Жиынға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Зәуреш Аманжолова мен Светлана Бычкова және Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Уәлихан Ахметов қатысты. Басқосуда биыл денсаулық сақтау саласында қабылданған заң жобалары талқыланып, медқызметкерлердің заңдық сауаты туралы айтылды.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бірінші болып сөз алған Светлана Бычкова медицина қызметкерлерін қоғамдық, әлеуметтік мәселелерді шешуде белсенділікке шақырды. Алдағы 4 қыркүйекте болатын кезекті сессия кезінде қоғамдық өткір мәселелерді талқылап, билік назарына ұсыну үшін қоғамдық ұйымдармен кездесіп, халықпен пікір алмасу, оларға заңдық тұрғыда кеңес беру қажеттілігі жайлы айтты.

«Елбасымыздың «100 нақты қадам» Ұлт жоспары жаһандық бәсекеге сай болуды көздейді. Ол үшін біздің заң жүйеміз мықты болуға тиіс. Сондықтан, біз жүзден аса заң жобасын ұсындық. Оның 84-не Президент қол қойды. Конституция күні қарсаңында халыққа пайдалы, қоғамды реттеуге септігін тигізетін заң жобаларын қабылдағанымызды айта кеткеніміз дұрыс деп ойлаймын. Басты мақсатымыз – саяси модернизацияға қол жеткізу. Яғни, биліктің әрбір саласы өзіне тиесілі жауапкершілікті кемшіліксіз толық орындаса, онда қоғам да алға жылжиды. Сондықтан, заң бойынша әрбір министрліктің, мемлекеттік органның міндеті қайта айқындалып, жауапкершілігі күшейтілді. Бұрын жалпылай қарастырылып келген заң ережелері қазір қатаңдатылды. Әлеуметтік саланы да ұмыт қалдырмадық. Оның ішінде сіздерге, медицина қызметкерлеріне тікелей қатысы бар МӘМС жүйесі туралы заң жобасы да бар», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Светлана Федеровна.

Ал, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зәуреш Аманжолова бүгінгі таңда дәрігердің медициналық біліммен қатар заң саласын бес саусағындай білуі заман талабына айналғанын атап өтті.

«Дәрігерлер заңды тұрғыда сауатты болуы керек. Науқастың туыстары дәрігерден заңсыз нәрсені талап етуі, оны сотқа беруі мүмкін. Ондай оқиғаларды көріп жүрміз. Сіздер сауатты болсаңыздар, өз-өздеріңізді қорғай аласыздар. Әсіресе, МӘМС жүйесі енгізілгеннен кейін көп сұрақ туындайды. Тіпті, кейбір қиындықтармен мына сіздер бетпе-бет келетін боласыздар. Әлемде бірде-бір қатесі жоқ заң жобасы болмайды. Заң іске асырыла бастағанда оның кейбір кем-кетіктері байқалады. Сол себепті де сіздердің заңдық тұрғыда сауатты болғандарыңыз ауадай қажет», - деді Зәуреш Аманжолова.

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Уәлихан Исаұлы: «Біз МӘМС жүйесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Қалалық МКД, қаржы органдары, әкімдік – барлығы бізден көмектерін аяп жатқан жоқ. Сіздер дұрыс айтасыздар, дәрігерлер заң тұрғысынан өте сауатты болуға тиіс. Себебі, кейде дәрігерлерімізге қатысты әділетсіз шешімдер қабылданып жатады» деп, медицина қызметкерлерінің заңдық сауаттын арттыру бастамасын қолдады.

Жиын соңында №7 ҚКА басшысы, МӘМС жүйесін түсіндіру бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас спикері, Алматы қаласы Маслихаты депутаты Марат Шадыбайұлы қонақтарға алғысын білдіріп, алдағы келе жатқан мерекемен құттықтады.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар