17.08.2017, 09:42

«Е-шаңырақ» электронды платформасының қандай пайдасы бар?

Биылғы жылдың соңына дейін «Е-шаңырақ» электронды платформасы пилоттық жоба негізінде іске қосылатын болады. Бұл туралы ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР ИДМ құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов мәлімдеді.

Аталған платформа «Digital Kazakhstan» жобасы аясында жүзеге асуда. Яғни, бұл жоба аясында елімізде сандық технологияларды дамыту ісі ұолға алынып отыр.

«Е-шаңырақ» жүйесінің басты мақсаты – шығындарды бекіту, қаражаттарды жұмсау мәселелерінде ПИК қызметінің ашықтығын, айқындығын қамтамасыз ету, сондай-ақ басқарушы ПИК таңдауды әлдеқайда ашық ету.

«Қазір біз ақпарат және коммуникациялар министрлігімен, «Зерде» компаниясымен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Бұл өте маңызды мәселе. Жыл соңына қарай жоба пилоттық режимде іске қосылады», — деді Мархабат Жайымбетов.

Ұйымдастырушылар электронды платформаны іске қосқаннан кейін ПИК жұмысы реттеледі және КСК жұмысы мен тұрғын үй қатынастарының көп жылдық мәселелері шешіледі деп сенеді.