$ 498.55  524.28  4.75

Шымкентте «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясында жаңа көлік-логистикалық орталық салынып жатыр

Қазақстанның көліктік-логистикалық ахуалын жақсарту мақсатында соңғы бірер жылда айтарлықтай жұмыстар атқарыла бастады. Өйткені, сауда-саттық, экспорт-импортты дамыту үшін ең алдымен автомобиль жолдарын, темір жол мен әуе қатынастарын реттеп алуымыз қажет.

Бұл ретте ең ірі көліктік-логистикалық жоба осыдан 7 жыл бұрын қолға алынғанын атап өту қажет. Ұлы Жібек жолының бойынан салынған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралі Еуропаның дамыған елдерінің бәрін қамти отырып, Қазақстан арқылы Қытайға беттейді. Аталған трасса арқылы қазақстандық кәсіпкерлер де өз өнімдерін Ресей мен Қытайға тасымалдап жатыр.

Сол секілді былтыр Мемлекет басшысының Қытайға сапары барысында белгілі болғандай, қос мемлекет Шығыс Қазақстан облысында да Орта Азиядағы ең ірі логистикалық орталықтардың бірін салып беретін болды.

Осы қарқынмен Қазақстанның өзге де облыстарында көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жанданған. Осындай ірі орталықтардың бірі «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясында Шымкентте бой көтеруде. Нысанды салу және іске қосу жұмыстарымен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы айналысып отыр.

«ҚТЖ–Жүк тасымалы» АҚ филиалы «Шымкент ЖТ бөлімшесінің» директоры Ермекбай Ерманов алғашқы жарты жылдықта негізгі пайдалану көрсеткіштерінің орындалғаны туралы баяндады. Жүк тиеу көлемі жоспардағыдан 3,2 пайызға артып, 4,3 миллион тоннаны құрады.  Жүк айналымы 3829,9 млн. тонна-километр нетто құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 8,1 пайызға артты. Жылжымалы құрамның сапалық көрсеткіштері: учаскелік  жылдамдығы, пойыздың орташа салмағы, локомотив өнімділігі өсті.

Алты айда Шымкент жол бөлімшесі арқылы 3,9 миллион тонна транзиттік жүк өткізіліп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2 пайызға өсті. Контейнерлік тасымал көлемі 72 пайызға өсіп, 424 мың ЖФЭ құрады.

Бөлімшеде өндіріске заман талабына сай жаңа технологиялар енгізілуде. 24 станцияда АСУ «Шарттық және коммерциялық қызмет» электронды құжат айналымы қолданылады. Локомотив кешенінде АСУ «машинистің электронды бағдары», «Энергодиспетчерлік тартым» қолданылады.

Жүктерді баламалы негізде бағыттау шараларының нәтижесінде 65 клиент тартылды.

Жолды қалыпты ұстау мақсатында станцияларда орташа жөндеу түрлері атқарылды. Темір жолдағы қауіпсіздік шараларын тұрақты жүргізу нәтижесінде түрлі апаттық жағдайлардың алды алынды. 

Кездесу барысында жолаушылар тасымалын ұйымдастыруға ерекше назар аударылды. Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі кезінде жолаушыларға жоғары сапалы қызмет көрсету кезек күттірмейді.

Сонымен қатар, теміржол кәсіпорындары басшыларының жылу беру маусымына әзірлігі де тыңдалды.

Кеңесті қорытындылай келіп, Компания басшысы берілген тапсырмаларды орындаумен қатар, сапалық көрсеткіштерді көтере түсуге тапсырма берді.

Жұмыс сапары барысында Қ. Алпысбаев жыл аяғына дейін пайдалануға берілуі жоспарланып отырған Шымкент қаласындағы көлік-логистикалық орталығының жұмысымен танысты. Қазіргі таңда нысанда құрғақ жүктерді сақтау қоймасын құрастыру, сыртқы коммуникация желісі тартылып, аумағын көкжелектендіру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы аумағы 40 гектарлық көлік-логистикалық алаңында толық кешенді логистикалық қызмет көрсетіледі. 

Компания басшысы маңызды нысанның құрылысын тезірек аяқтауды тапсырды.

Сондай-ақ, Қ.Алпысбаев Шымкент пен Түркістан теміржол вокзалында да болды. Бұл жерде теміржол вокзалдарының Тұжырымдамасына сәйкес еместігі байқалды. Дүңгіршектер санитарлық нормаға сай емес.Компания басшысы вокзал аумағын көкжелектендіру мен абаттандыру бойынша нақты тапсырмалар берді.

Қ. Алпысбаев Түркістан станциясындағы локомотив пайдалану депосында болып, ондағы технологиялық үдерістерді, техникалық оқытуды ұйымдастыру барысын, еңбеккерлердің кәсіби біліктілігін көтеру жайын көріп білді. Оның ішінде АСУ «Энергодиспетчерлік тартым», «Машинистің электрондық бағдарын»  игеруі көрсетілді.

Электрондық машинист бағдары локомотив паркінің есебінің ашық жүргізілуін, басқару шешімінің оңтайлылығын, бағдардың жылдамдығы мен жүкті жеткізу жылдамдығын реттейді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Қ. Алпысбаев кәсіпорындар мен еңбек ұжымдарымен кездесулер барысында тасымалдау үдерісінің тиімділігін, көлік қызметі сапасын көтеру мақсатындағы Компания алдында тұрған мақсаттарды түсіндірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары