$ 443.85  474.3  4.8

Алматылық студенттерге «Мәңгілік ел» туралы семинар-тренинг өтті

Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі көрме жобасы аясында «Қазақстан жолы: «Мәңгілік ел» семинар-тренингі өтті.

Семинар аталған жоғары оқу орындарымен қатар, Абай атындағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде де ұйымдастырылды. Семинар-тренинг лекторы ҚР Тұңғыш президенті – Елбасының кітапханасы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова 3 күн ішінде 1500 студентке дәріс өткізуді жоспарлап отырғанын айтты.

«Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі көрме жобасы нәтижесінде Алматы қаласының ірі білім флагманы болып қалыптасып келе жатқан Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті мен Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде студенттер үшін «Қазақстан жолы: «Мәңгілік Ел» семинар-тренингін өткізіп жатырмыз. Дәріс барысында Отанына жанашыр жастарды тәрбиелеу мәселесіне мән беріледі. Тәуелсіздіктің ертеңі жастардың қолында. Семинар-тренинг барысында жастарымыздың Қазақстанның бүгінгі жағдайына көңілі толатынын байқадық. Алматыда өткізіп жатқан ағартушылық мақсаттағы жобамыздың барысында 1500 студентке дәріс оқимыз деп жоспарлап отырмыз. Алматыда 3 халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, 5 дөңгелек үстел, ғылыми-тәжірибелік семинар өткіземіз», - деді ҚР Тұңғыш президенті - Елбасының кітапханасы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова.

Аталған кітапхананың жетекші маманы, тарих ғылымдарының кандидаты Сағынтай Бердағұлова мұндай семинар-тренингтер 2015 жылдан бері Астанада өткізіліп келе жатқанын айтты.

«Біздің семинарларға ЖОО-дағы үздік студенттер қатысады. 2015 жылдан бері республика бойынша 8000 студент дәріс тыңдады. Семинар 2 күн жүреді. Екі күн ішінде студенттер теориялық курстарды тыңдап, практикалық сабақтарды өтеді. Екі күннің нәтижесі бойынша, оларға сертификат беріледі. Биыл, кітапхана тарихында алғаш рет ірі көшпелі семинар-тренинг өткізіп отырмыз. Алғаш рет Алматы студенттері біздің семинарларды тыңдауға мүмкіндік алды. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 57 студенті мен агарарлық универсиеттің 70-тен астам студенті сертификаттарын алды. Ол куәлік қағазы болашақта студенттің жұмысқа орналасуына көмекші болады», - дейді Сағынтай Бердағұлова.

Аталған жоба аясында ҚазҰАУ-да «Рухани жаңғыру: жастар көзқарасы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары