$ 442.05  474.14  4.74

Оңтүстік Қазақстан облысына Танзаниядан делегация келді

Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданына Бiрiккен Танзания мемлекетiнiң делегациясы келді. Аудан әкімі М.Исаевтың қабылдауында болып, өңірдің жай-жапсарымен танысқан африкалық қонақтар мұнан кейін ауданда уран өндiретiн «Uranium one» компаниясының жұмыс орнына бас сұқты.

Аудан басшысы екiжақты кездесу барысында Бiрiккен Танзания мемлекетiнен келген қонақтарға ауданның әлеуметтiк- экономикалық дамуы жөнiнде баяндады. Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында Тәуелсiздiктiң 25 жылдығында елiмiздiң үлкен даму жолына түскенiн айтқан Мақсат Шамансұрұлы облыс әкiмi Б.Атамқұловтың индустриалды аймақты дамытуға көп көңiл бөлiп отырғанын жеткiздi. Уран өндiрiсi арқасында ауданның экономикалық жағдайы көтерiлiп, бүгiнгi таңда шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту осы бағытта жүргiзiлiп келе жатқанын атап өттi. «Қазiргi таңда аудан орталығынан арнайы жер бөлiнiп, индустриалды аймақ құрылды, аталған аймақта орналасқан зауыттар, уран өндiрiсiне қажеттi құрал-жабдықтар шығарады. Бұл өз кезегiнде аудандағы кәсiпкерлiктi дамытуға үлкен серпiн берiп отыр» дедi аудан басшысы.

Бiрiккен Танзания мемлекетiнiң өкiлдерi аудан басшысының қонақжай пейiлiне рахметiн айтты. Жиын барысында уран өндiрiсi саласындағы бiрнеше үздiк мамандарға аудан әкiмiнiң Алғыс хаты табыс етiлдi.

Айта кетейiк, уран өндiретiн ресейлiк «Uranium one» компаниясы Бiрiккен Танзания мемлекетiнде уран кенiшiн ашуды көздеп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары