$ 446.49  475.38  4.79

Шымкенттің ең үлгілі отбасы анықталды

Шымкент қалалық iшкi саясат бөлiмi және қалалық ардагерлер кеңесiнiң ұйымдастыруымен «Үлгiлi отбасы» байқауы өз мәресiне жеттi. Отбасы құндылықтарын насихаттау, жастарға ұлттық салт-дәстүрдi дәрiптеудi мақсат тұтқан байқау биыл облыс орталығында екiншi рет ұйымдастырылып отыр және айтулы шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған.

Ақтық сынға жолдама алған бес отбасы сахнада өнер көрсетуден аянып қалмады. Тұсаукесер, беташар тойларында орын алатын жөн-жоралғыларды ортаға салған әрбiр отбасы бойжеткен қыздың шашын өрiп, шашбау тағу дәстүрiн де әдемi көрсете бiлдi.

Шымкент қалалық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Исамуддин Рысбайдың айтуынша, салт-дәстүрiмiздiң көптеген жөн-жоралғысын бүгiнгi жастар бiле бермейдi. «Үлгiлi отбасы» байқауында өнер көрсетуге лайықты әулеттер сол құндылықтарды дәрiптей отырып, өз ұрпағының дәстүрден ажырап қалмауын күйттеп жүр. Мұндай отбасыларды қолдап отыруымыз қажет. Өзгелерге үлгi етуден жалықпауымыз керек» дедi ол.

Байқау нәтижесiнде «Үлгiлi отбасы» аталымына лайықты деп Қансейiтовтер отбасы танылды. Жеңiмпаз әулетке 200 мың теңге қаржылай сыйлық табыс етiлдi. Екiншi, үшiншi орынға ие болған Әбiлхановтар мен Қанаевтар отбасылары да жүлдесiз қалмады. Оларға 150 мың және 100 мың теңге ақшалай сыйлық тапсырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары