$ 444.22  476.38  4.82

ОҚО сәулетi тәуелсiздiк жылдарында адам танымастай өзгердi

Оңтүстік Қазақстан облысында сәнiне сәулетi келiскен жобалардың басым бөлiгi, яғни 40-тан астам iрi жоба 2009–2015 жылдар аралығында iске асырылып, бой көтерген. Атап айтқанда, «Жер ана» монументi, Ордабасы алаңындағы субұрқақ, Жiбек Жолы аллеясы (Т.Рысқұлов ескерткiшi), Көркемсурет галереясы Абай музейi, Диуани Хикмет аллеясы (Түркiстан қ.), «Даңқ» мемориалы, Дендросаябақты қайта жөндеу, «Шәмшi әлемi» скверi, спортшылар аллеясы, Неке сарайы, Жастар орталығы, Қабанбай батыр ескерткiшi, Босанғанға дейiнгi орталық, облыстық филармония, «Қызғалдақ» субұрқағы жобалары болып жалғасып кете бередi.

Облыстың сәулеттiк сәнiн арттырып, көркейтуге бағытталған жұмыстар мұнан әрi жалғасын таба бередi. Мәселен, Түркiстан қаласының жаңа әкiмшiлiк iскерлiк орталығында түркi тiлдес халықтардың қалашығын салу жоспарланып отыр. Шығыс халықтарына берiлетiн этно қаланы әр ұлт өздiгiнше әсемдейтiн болады. Мұнан бөлек, таяуда өңiрiмiздiң Қызылорда және Жамбыл облыстарымен шектесетiн бөлiгiнде «Оңтүстiк» символикалық қақпасы бой көтермек.

Айта кетейік, биыл – ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында облыс аумағында бірнеше нысан ашылып, пайдалануға берілді. Олардың басым бөлігі білім беру ошақтары. Мәселен, «25 жылға – 25 мектеп» акциясы аясында үш ауысымда сабақ беретін мектептердің мәселесі толық шешілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары