$ 447.4  477.55  4.76

ОҚО-да Иран тауар өндірушілерінің көрмесі өтіп жатыр

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов инвестиция тарту мақсатында Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мотжтаба Дамирчилмен кездесті деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Кездесуде қос тарап екіжақты қарым-қатынасты жақсарту мен іскерлік байланыс орнату мәселелері жəне Қазақстанда жасалмайтын тауарларды өндіру мақсатында біріккен кəсіпкерлік құру жайын талқылады.

Облыс әкімі мәртебелі мейманды Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырып, Иран компанияларын әріптестікке шақырды. 

Мұнан соң, облыс əкімі Бейбіт Бәкірұлы мен елші Иранның Хорасан облысының кәсіпкерлері ұйымдастырған тауар өндірушілердің көрмесіне қатысты.

Айта кетейік, бүгінгі көрмеде ирандық 97 кәсіпкер күнгейліктерге тоқыма және тамақ өнеркәсібі, құрылыс, машина жасау салалары бойынша өндірген өнімдері мен кір жуғыш ұнтақтарын ұсынуда. Көрме ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналып отыр.

Иран кәсіпкерлері Қазақстанға екі елдің өңірлері арасындағы туризмді дамыту мақсатында Месхед-Шымкент әуе қатынасын ашуды ұсынды.

Бүгінгі таңда Иран Ислам Республикасы Қазақстанның стратегиялық маңызды халықаралық әріптестерінің бірі болып табылады.

2015 жылдың қорытындысы бойынша қос ел арасындағы сауда-саттық көлемі 700 млн. АҚШ долларына жеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары