$ 449.58  486.94  4.86

Кентаулық жастар шырайлы Шымкенттің көрікті жерлеріне саяхаттады

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен және қалалық мәслихат депутаты Талғат Балабиевтың қолдауымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыстық арнаулы кәсіптік колледжінің мүмкіндігі шектеулі жастарының «Шырайлы-Шымқала» атты Шымкент қаласына саяхаты ұйымдастырылды.

Саяхаттың мақсаты – Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін шектеусіз аймаққа айналуы тиіс» деп көрсеткендей мүмкіндігі шектеулі жастарды Шымкент қаласымен, оның тарихы және мәдениетімен, демалыс орындарымен таныстыру.

Саяхат барысында жастар Шымкент қаласының көрікті жерлерімен, әсем ғимараттар мен жаңа іскерлік орталығы, саябақтармен танысып, шара соңында Шымкент зообағындағы жануарлар дүниесін қызықтап, жастар керемет күйге бөленді.

Ең бастысы – жастар саяхаттан өмірлік таным көкжиектерін кеңейтті, елімізге деген мақтаныш сезімдері артып, жаңа көзқарас қалыптастыра бастады, көңілдеріне қуаныш ұялап тарихи тағылымдарымызды жастар мәңгі жадында сақтап жүретін болды. 

Айта кетейік, биыл Оңтүстік Қазақстан облысында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай бірқатар қоғамдық және әлеуметтік шаралар ұйымдастырылуда. Мәселен, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына 25 игі іс-шара аясында облыс тұрғындары мен шетелдіктер Өгемдегі «Тәуелсіздік» шыңын бағындырды.

Сондай-ақ, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына 25 игі іс-шара акциясы аясында ОҚО-ның Отырар ауданында жергілікті тұрғындардың қатысуымен марафон болып өткен болатын. «Дені сау ұлт – Тәуелсіздік тірегі» атты бұқаралық жүгіруге 100-ден астам аудан тұрғыны қатысып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға өз үлестерін қосқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары