$ 446.49  475.38  4.79

«Жеңіс» жобасы жалғасын табуда

19 қазанда «Samruk-kazyna Trust» әлеуметтік жобалар қорының қолдауымен, «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ-мен бірлесе Ақтау қалалық жастар орталығының жанындағы «Еріктілер» клубы «Жеңіс» жобасы аясында ардақты ардагерлерімізбен кездесіп, оларға құрмет көрсетті.

Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 71 жыл толды. Бірақ Ұлы жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі.

«Жеңіс» жобасы аясында қала жастары Ақтауда тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Медресін Өмірзақовқа барып хал жағдайларын сұрады. Медресін ақсақал – фашистік Германияны тізе бүктіріп, ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған батыр аталарымыздың бірі. Әлі 18-ге толмаған бозбала соғысқа өзі сұранып, Сталинград түбіндегі шайқастан соң, Батыс Украинаны азат етуге аттанады. «Тек Жеңіске жету жолында мыңдаған майдандасымнан айырылғаным анық», – дейді ата. Киев жаудан тазарған соң, қырағылығымен көзге түскен сарбаз әскери оқуға жіберілген. Медресін Өмірзақов Жеңісті Украинаның Винница қаласында қарсы алып, бөлімше командирі дәрежесін алған ол осы елде тағы 5 жыл Отан қорғау саласында қызмет етеді және елге тек 8 жылдан кейін ғана оралған. Елге оралғаннан кейін темір жол саласында аянбай тер төккен. 

Осыдан соң ерікті жастар Морозов Петр Михайловичтың үйіне қонаққа барды. Хал-жағдайын сұрағаннан кейін ардагер соғыс жылдарындағы өмірінен үзінді келтіріп өтті. Петр Михайлович Ставропольск аумағы, Барсук станциясында дүниеге келген. Кішкене бала кезінде отбасы Хутор елді мекеніне көшіп, мектепті сол жақта аяқтайды. Ардагер кәмілет жасына жетпей жұмысқа орналасқан. Бірінші еңбек жолын жергілікті почтадан бастайды. Зейнеткер күн сайын жұмысқа жету үшін 9 километр жер жүріп келетін болған. 1933 жылғы аштықтанда аман қалып, бірақ сол жылдарды ардагер көз жасымен еске алды, аштықтан өзінің кіші бауырынан айырылған.

1941 жылы Петр Морозов қорғаныста тұрған 321 дивизионға түседі. Боз баланың ең алғашқы қатысқан шайқастары Ильиной станциясында өткен. Ардагер Дон қаласында қорғаныс шебінде тұрғанда арқасына жарақаттанып, ұзақ уақыт госпитальда емделуіне тура келген.  

-   Біраз уақыт өткеннен кейін мен қызмет еткен әскери бөлімшенің жақын екенін естіп, госпитальдан бір жігітпен қашып бөлімшеге бардық, қайта қабылдмайтын шығар деп ойладық, алайда біздерді қабылдап, Т-34 механнигіне оқытып, мен солай танкты айдап бастадым,- деп еске алды Петр Михайлович.

1944 жылы фашистік неміс әскерінің қаруынан жарақаттанып, Мәскеуге госпитальға жөнелтіліп және осы қалада Жеңіс күнін қарсы алған. Сұрапыл соғыстан кейін отбасын құрып, Ақтау қаласына көшіп келген. Бүгінде батыр ардагеріміз тоқсанның төртеуіне келді.

«Жеңіс» жобасы аясында Ақтау қаласындағы жас еріктілер тобы қадірлі ардагерлеріміз Прапорщиков Иван Михайлович, Хыдырбаев Каирдың үйлеріне барып хал-жағдайын біліп, оларға азық-түлік және қажетті дәрі-дәрмектерін апарды. Аталған жоба осы жылдың аяғына дейін жалғасын табатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары