$ 443.44  480.51  4.88

Астанада кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру мақсатында семинар өтті

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру мақсатында орталық аппараттың басшы құрамы үшін құзыретті дамыту бойынша семинар ұйымдастырды. 

Семинар Халықаралық құзыреттілік академиясымен, құзыретті даму саласында біліктілікті арттыру бойынша қызметтерді беретін  мекемесімен өткізілді.

Семинар тыңдаушылары оқу қорытындысы бойынша сертификаттар алды.

Сонымен қатар, 2016 жылғы 23 қарашада Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы З.С. Сағыновтың қатысуымен Министрліктің және ведомстволардың қызметкерлеріне «Даулы жағдайлар және оларды шешу жолдары» тақырыбы бойынша тренинг өткізілді.

Тренингті Халықаралық құзыреті академиясының бас директоры, психология ғылымдарының докторы, медицина ғылымдарының кандидаты Лейла Өмірзаққызы Асылбекова жүргізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары