$ 446.49  475.38  4.79

Талдықорғанда Назарбаевқа ескерткіш орнатылды

Қазақстанның Тұңғыш президенті күніне орай Талдықорғанда Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші орнатылып, салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлап отыр.

Ескерткіш мемлекеттік рәміздер аллеясында орналасқан. Оның авторы - Қазыбек Сатыбалдин.

Нысанның салтанатты ашылу рәсіміне белгілі қоғам қайраткерлері, Алматы облыстық мәслихатының депутаттары және зиялы қауым өкілдері қатысты. Шараның ашылуында сөз алған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтулы оқиғаның тарихи маңызы бар екенін атап өтті.

"Бұл барлық қазақстандықтар үшін тарихи күн. Бүгін біз Елбасы дүниеге келген топырақта Тұңғыш президентіміз Нұрсқлтан Назарбаевқа арнап ескерткіш орнатып отырмыз. Президенттің арқасында Қазақстан экономика саласында толағай табыстарға жетті. Еліміз бейбітшілік пен дамудың символына айналды", - деді облыс әкімі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары