$ 444.32  473.33  4.76

Ақтауда «Менің жүрегім елім үшін соғады» автошеруі өтті

облысының жастары «Менің жүрегім елім үшін соғады» автошеруін өткізді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

- Автокөлік шеруі 6-шағын аудандағы «Арман» Жастар орталығынан басталды. Содан кейін көліктер еліміздің көк туын желбіретіп Ақтау қаласының орталық көшелерімен жүрді. Шараға 200-ден астам жастар қатысты. Автошеру ұйымдастыруға «Toyota», «Nissan», «Renault» секілді автокөлік орталықтары белсенді атсалысты, - деп атап өтті облыстық Жастар ресурсы орталығының жетекшісі Ерғали Әнесов.

  Дәл осы күні «Lectorium» жобасының аясында танымал әнші, ақын әрі жүргізуші Ғалымжан Жолдасбаевтың жастармен кездесуі өтті. Еркін форматта өткізілген кездесуде шығармашылықты жан-жақты дамытудың жолдары айтылды. Ғалымжан Жолдасбаев жастарды өнермен айналысуға, шығармашылық қырларын дамытуға шақырды. Лекториум соңында әртіс өз туындысынан ән орындап берді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары