Нұрлы жол 29.11.2016 сағат 08:15

Қазақстан – қасиетті мекеніміз

Ежелгі Тұран өлкесінің ұлан-ғайыр аумағын алып жатқан Ұлы Дала елі – Қазақстан Республикасы биыл өзінің өркенді асу, мерейлі белесін атап өтуде. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы барша халқымыз үшін елеулі кезең, еңселі мерекеге айналуда. Өйткені, Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманының іс жүзіндегі көрінісі. Жүздеген жылдар бойғы күресінің жарқын жеңісі, орындалған тарихи аманатының мәуелі жемісі деп бағалауымыз керек. Халқымыздың өмірінде бұрын-соңды болмаған бұл тарихи дәуір 1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданғаннан кейін басталды. Ширек ғасырда әлемдік деңгейдегі тұлға, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында Қазақстан демократиялық саяси-құқықтық жүйесі бар, экономикасы тұрақты, халқының әл-ауқаты жоғары, жаһанға бейбіт тірлік, берекелі дамуымен танылған мәртебелі мемлекет ретінде қалыптасты.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Соңғы жылдары Қазақстан халқы желтоқсан айында елдік мереке­лердің салтанатты шеруін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен бастап, Тәуелсіздіктің ұлық мейрамымен ұластыруды игілікті дәстүрге айналдырды. Себебі, Елба­сының ерен еңбегі арқылы Тәуел­сіздіктің алып бәйтерегі бой көтеріп, жайқалып жапырақ жайғанын жұрт­шылық көріп-біліп, жан-жүрегімен ұғынып отыр. Әлемдік тәжірибеде мемлекет құрылысының ең ауыр әрі сындарлы сынақтарында айрықша қажыр-қайрат, ерік-жігер танытқан тарихи тұлғаны ұлықтау, тәуелсіз елдің шаңырағын көтерген көсемге құр­мет көрсету берік қалыптасқан дәстүр­лердің қатарына енеді. Бұл дәстүр біздің елде халықтың айнымас ақ адал ниет-пейілімен, ілтипат-құрметімен мейлінше суарылып, Қазақ елінде берік қазығын қақты.

Мемлекеттілік тарихы ғасырларға терең­деген өркениетті елдердің тәжірибелерін зерде­легенде ХІХ ғасырда жаңа бағыттағы Гер­манияның тұңғыш канцлері лауазымын атқар­ған белгілі мемлекеттік қайраткер Отто фон Бисмарктың: «Бостандық – бұл бәрінің бірдей қолы жете бермейтін керемет байлық» деген сөзі еске түседі. Шынында да, әлемнің жүз­­­деген ұлттарының қатарында біздің ха­лық­­­тың маңдайына азаттықтың жұпар ауа­сын жұту бақыты бұйырғанын ерекше мақ­та­ныш етуіміз керек. Биылғы жылы «Бір­лік пен Жа­сам­паз­дықтың 25 жылы» атты отаншыл рухты оятар ұранмен өтіп жат­қан Қазақстан Тәуел­сіздігінің ширек ғасыр­лық белесінің тұ­жы­­рым­дамалық негізі ел дамуының басты бес идео­логемасы­на сүйенді. Олар: Бостан­дық, Бірлік, Тұрақтылық, Жасам­паздық және Өркендеу. Енді осы тұғырнамалық бағыт­тарды таратып көрсек. Мәселен, Бостандық: Тәуелсіздік алғаннан кейін елі­міз, Қазақстан халқы және әрбір азамат өзі­нің болашағын өзі дербес құруда шынайы бостандыққа қол жеткізді. Бірлік: Тәуел­сіздік алған күннен бас­тап Қазақстан тату­лық пен достыққа негізделген барша халық­тың бірлігін өз дамуы­­ның негізі етіп алды. Ширек ғасырдың ішін­де Қазақстан сол қағи­даны берік ұстанып келе­ді. Тұрақтылық: Қазақ­стан бүгінгі барлық жетіс­тіктеріне ең әуелі ел­дегі саяси, эко­номи­ка­лық, әлеуметтік тұ­рақ­­ты­лық арқы­лы ғана қол жеткізді. Жа­сам­­паз­дық: Тәуелсіздік заманы – бұл жасам­­паз­дық пен ұлы істердің ұлы жолы. Өр­кен­деу: Қазақ­стан сындарлы таң­дал­ған даму жолы ар­қылы барлық сынаққа төтеп беріп, соның арқа­сында өркендеуге және ха­лық­­­тың әл-ауқатын арттыруға мүм­кін­дік алды.

Біздің дәуіріміздің VII-VIII ға­сыр­ларын­да өмір сүрген көне түр­кі мемлекетінің билеу­шісі Білге қаған­ның тасқа қашалған тағы­лым­ды пайым­дарының қатарында «Ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ» деген асыл толғамы мұра боп қалған екен. Тәуелсіздік жылдарында жүріп өт­­кен жолымызда қол жеткізген тари­хи табыстарға шолу жасасақ, 25 жыл­­дың ішінде Қазақстан әлемнің ең дамы­ған 50 елінің қатарына ен­ді, «Қазақстан-2030» Стратегиясы мер­­зімінен бұрын іске асырыл­ды. Қа­лып­тасқан мемлекеттің ұзақ­ мер­зімді бағдарламасына айналған «Қазақстан-2050» Стратегиясын, мем­ле­кеттің жаңару жолы «100 нақ­ты қадам»  Ұлт жоспарын жүзеге асы­руға кіріс­тік. Ел Президенті өзі­нің таяуда жазылған «Ұлы Дала ұлағат­тары» атты кітабында: «Ұлт жос­пары – қазақстандық арманға бас­тай­­тын жол» деп аталған Жолдау мем­ле­­кет­­тік идеяның түпқазығы – бізд­ің жалпыұлт­тық аңсарлы арманнан бастау алатынын жан-жақты ашып көрсетуге бағытталды. Біз жалпыұлттық арманның орындалуы үшін бар күш-жігерімізді, білім-білігімізді, алған тәжірибеміз бен түйген үлгі-өнегемізді толық әрі сарқа жұмсайтын боламыз. Бұл асыл мұрат – күллі қазақстандықтарды жар­­қын болашаққа бастаудың кепілі. Уақыт бізді таңдады! Біз сол уақытқа енді өзіміз­дің мемлекеттік мөріміз – тәуелсіз Қазақ­станның атын жаздық», деп атап көрсетті.

Мемлекет басшысы биылғы жыл­дың 1 қаңтарынан «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам»  Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталғанын халыққа жария етті. Бұл аса маңызды құжатта кәсіби мемлекеттік аппарат құру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және экономикалық өсім, біртектілік пен бірлік, есеп беретін мемлекетті қалыптастыру сияқты бес инс­ти­туттық реформа белгіленген. Бұл ре­фор­маларда біздің еліміз алға қойған өр­шіл мақсаты – Қазақстанды әлемнің ең озық 30 елінің қатарына қосудың нақты меха­низмдері белгіленген.

Ұлт жоспарында біздің ұзақ­ мер­зімді даму бағдарламамыз «Қазақ­стан-2050» Стра­тегиясын іске асы­рудың барлық тетік­­тері қамтыл­ған. Нәтижесінде, өткен жылы бұл ба­ғыт­­та аса жауапты жұмыстар жүр­гізі­ліп, мемлекетті, экономика мен қоғам­ды дамытуда жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енді. Бұл шаралар, әрине, біздің еліміздің асқақ мақ­саты болып саналатын осы ғасыр­да әлем­нің ең озық 30 елінің қатарына кіруі­мізге жол ашуда.

Ел Президенті бұл тұрғыда: «біз Тәуел­сіз­­­діктің 25-ші жылдығына жаңа қазақстан­дық арманмен аяқ бас­тық, оның басты мақсаты жүзе­ге асырылып жатқан «2050» Стра­те­гия­сымен бара-бар», деп атап өтті. Ұлт жоспары келешекте Қа­зақ­­­стан­­ды өзінің жалғыз Отаны са­най­тын ар­маны-мұраты бір ха­лық­­ты Бо­ла­­шағы Біртұтас Ұлт қалып­тас­ты­ру­дың нақты бағыт-бағ­дары­на айналды. Жаңғыртулар Қазақ­стан­ды, оның экономикасын, мемлекет пен қоғамды өзгертетін тарихи мін­деттер кешенін қамтып отыр. Яғ­ни, дүние жүзіндегі аса дамы­ған мем­лекеттерді біріктіретін Эко­но­ми­ка­лық ын­ты­­­мақтастық және даму ұйы­мы­ның стан­дарт­тарына сәйкес келе­тін елді дамыту, экономикалық өсім мен барлық қазақ­стан­дықтардың өмірін жақсарту үшін жаңа лайықты жағдайлар қалыптастырады.

Ширек ғасырда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кемел сая­саты­ның арқасында қол жет­кі­зілген айтулы жетіс­­тік­тердің қатары­на Қазақ­стан­ның халық­ара­лық бастама­ларын айрықша атап көр­сетуіміз керек. Бүгінгі таңда Қазақстан 70-тен ас­там халықаралық ұйымдарға мүше. Елі­міз­дің аса ықпалды халықаралық ұйым­дар – Еуропадағы қауіпсіздік және ын­ты­мақтастық ұйымы мен Ислам ын­ты­мақ­тас­тығы ұйымына төраға­лық етуі – Қазақ­станның жоға­­ры беделін айғақтайды. ЕҚЫҰ сам­­­ми­ті­­нің ұзақ үзілістен кейін Ас­тана­­да өткізілуі – Қазақстанның осы ұйымға төрағалығының айтулы нәтижесі болып табылады. Фо­рум­н­ың қорытындысы бойынша қабылданған Астана декларациясы әлемдік саясатқа «Еуразиялық қауіп­сіздік» және «Астана рухы» ұғым­дарында көрініс тапқан қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың жаңа түсі­нігін енгізді. Қазақстан әлем­дік кон­фес­сияаралық үнқатысу­лар­дың бас­та­ма­шысы және ұйым­дас­тыру­шы­сы ретінде танылды. Әлем­дік және дәс­түрлі діндер лидер­лері­нің съез­дері елдер мен өркениет­тер ара­сын­­да­ғы бейбітшілік пен ынты­мақ­тас­тықты ны­ғайту­дың диалогтық алаңына айналып отыр.

Бүгінгі таңда Қазақстан Рес­пу­б­­ли­­­касы ядролық қаруға қар­сы жаһан­дық қозға­лыс­тың көш­бас­шы­лары қа­тар­ына енді. КСРО күй­ре­ген­нен ке­йін, еліміз қуаты жөнінен әлем­­дегі төртінші зымырандық-ядро­­лық арсеналға иелік етті. Біздің аума­­ғы­­мыз­да 104 құрлықаралық бал­­лис­­тикалық СС-18 зымырандары ор­­­на­­­лас­ты. Оларға 1400 ядролық оқ­­тұм­­­сық орнатылған болатын. 40 жыл бойы 500-ге жуық ядролық жа­ры­­­­лыс жа­­сал­ған полигонның үні бір­жола өшті.

Елбасының бастамасымен дүние жүзін­дегі ең ірі Семей ядролық полигоны бір­жолата жабылып, ядролық қарудың әлем­дегі төртінші арсеналы жойылды. Қазақстан әлем тарихында ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан тұңғыш ел болды.

Мемлекетіміз ядролық қаруды тарат­пау тәртібін мүлтіксіз сақтай оты­рып, жер жүзінде жаппай қырып-жоя­тын қаруға жалпыға бірдей ты­йым салу, бейбіт атомды қауіпсіз пайдалану, халықаралық ядролық терроризм қатеріне жол бермеу жөніндегі жаһандық бастамаларды ұсынып келеді. Семей полигонын жабу туралы Елбасы Жарлығы бекітілген 29 та­мыз Қазақ­стан­ның бастамасымен бү­гінгі таңда Ядро­лық сынақтарға қар­сы әрекеттердің халық­ара­лық күні болып белгіленді. Бұл туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы қара­ры қабылданды. Бұл айтулы дата­ның адамзат тарихындағы ма­ңы­­зын ескере отырып, биылғы жылы В­ашинг­тонда өткен Ядролық қауіп­сіз­дік жөніндегі IV саммитте Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің жаңа сыртқы сая­­си бастамасы – «Әлем. ХХІ ғасыр» мани­­фесін жаһанға жария етті. Ма­ңыз­ды құжат халықаралық тұрғы­дан кең серпіліс туғызып, БҰҰ-ның рес­ми құжаттарының тіз­бесі­не енді. Мани­фест өзінің өзек­ті­лігі мен мазмұн­ды­лығы бо­йынша қазіргі таңда Жер-жаһанды алаң­датып отырған аса ма­ңыз­ды мәсе­ле­лерді қамтуымен бар­­ша әлем жұрт­шы­лығының назарына ілікті. Елбасының халықаралық деңгейдегі тарихи құжаты қа­зір­гі кезең­де әлемдік шиеленіс­тер­дің ас­қы­нып кеткен тұсында ха­л­ық­­ара­лық жағдайдың күрет­а­мыр­лы мә­се­лелерін сипаттап берді. Мем­лекет басшысы дүние жүзіндегі дүмпу­лерге себеп болып отырған сан алуан фактор­ларды сараптай отырып, көшбасшы елдердің басшыларына алаңдаушылықпен және ерекше ықыласпен қазіргі әлемдік құры­лыс жүйесіндегі теңгерімсіздікті одан әрі бол­дырмауға және халықаралық қауіп­­сіз­дікті нығайтуға бағыт­тал­­ған нақты шаралар­ды қабыл­дау­ға шақырды. Мемлекет басшысы әлем­дік құрылысқа сын-қатер төнді­ретін жаһандық және өңірлік өз­геріс­тер орын алып жатқан­ды­ғы­ның шүбәсіз шындығы айқын бай­қа­лып тұрған жаңа мың­жылдық маңыз­ды сая­си, әске­ри және гумани­тарлық оқи­ғалар­ға толы екендігін еске салды.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сес­сия­сында Қазақстанның Жаһандық Стра­те­гиялық Бастама-2045 Жос­парын жасау бастамасы жария етілді. Бұл Жоспар соғыстар мен жан­жал­дар­дың түбегейлі себептерін жоюды көздейді. Барлық ұлттардың инф­ра­­­құры­­лымға, ресурстар мен нарық­­тарға теңдей және әділетті қол­жетім­­ділігі негізін­де даму­дың жаңа үрді­сін қалып­тас­тыру маңыз­ды. Оны БҰҰ-ның 100 жыл­дығы мерейтойына қарай жүзеге асыру ұсынылды.

Әлемде ядролық қарусыздануға қатыс­ты Қазақстан тарапынан жүр­гізіліп жат­қан жұмыстар жан-жақты жалғасын табуда. Атап айтсақ, жыл сайын 29 тамыз күні Астанада ядролық қарусыздану мәсе­ле­лері­не арнал­ған халықаралық жиындар дәс­түрлі түрде өткі­зілуде. Биылғы жылы өткен «Ядролық қару­сыз әлем құру» атты халық­аралық конферен­цияда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жаһандық қауіпсіздікті сақтаудың адамзаттың бола­шағы үшін маңыздылығына тоқ­тала оты­­рып, Ядролық қарусыздану сый­лы­­ғын таға­йындау туралы бастама көтер­ді. «Ядролық қарусыздану мен жаһан­д­ық қауіп­сіздікке қосқан үлесі үшін» сый­лы­ғының алғашқы лауреаты ретінде Иордания королі Абдалла ІІ белгіленгенін атап өтуіміз керек.

Сонымен қатар, Президент жа­қын­­да Жа­по­ния еліне жасаған ресми са­па­рын­да ядролық жарылыстың құр­­ба­ны­на айналған Хиросима қала­сы­на арнайы барды. Сол сапарда Хиросима қаласының мэрі Казуми Мацуи Елбасының 1991 жылы Семей сынақ полигонын жабу туралы шешім қабылдауы, бүгінгі күнге дейін ядро­лық қаруды таратпау және қару­сыз­дану бағытында көтерген бастамалары бүкіл әлем­ге үлгі болғанын атап өтті. Сон­дай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев «Ядро­лық қарусыз әлем құру» идеясын көтер­ген Президент ре­­тін­­де халық­ара­лық қоғамдастықта үлкен рөл­ге ие болғанын айтып, Елбасына «Хиросима қаласының Айрықша құрметті азаматы» арнайы атағын берді. Бұған қоса, Жапония­ға сапары барысында Елбасы Гои бейбітші­лік қорының 2016 жылғы «Ядролық қарусыз­дану және таратпау ісіне қосқан елеулі үлесі үшін» бей­біт­шілік мәдениеті арнаулы сый­­лы­ғымен марапатталды. Бұл халық­ара­лық деңгей­дегі марапаттар Елбасының жаһандық қауіп­сіз­дікті қамтамасыз етуге қосып жатқан тари­хи ерлігіне берілген тағы бір айрық­ша баға деуіміз керек.

Нақты деректерге сүйенсек, Семей полигонында жарылған 500-ден астам бомба­ның зардабы Хиро­симо­ға тасталған атом­ның қуатынан 2,5 мың есеге асып кетеді екен. Бұл халқымыз үшін өте ауыр трагедия екенін айтуымыз керек. Сондықтан да, сол сапарда Елба­сы Жапон хал­қы­ның ойлау жүйесі қазақтардың дүние­­­т­а­нымына жақын әрі онымен үн­дес екенін айта ала­мын. Біздің х­а­лық­­тары­­мызды қиын да күрделі, кей­­де тіпті тақсыретті тағдыры тығыз байланыс­тырады. Қазақ­стан мен Жапония жаппай қырып-жоятын қару­дың бүкіл қасіретін бас­тан өткерді», – деп атап өтті.

Егемендіктің елең-алаңында ел Прези­дентінің «әуелі экономика, содан кейін саясат» деген қағидасы бүгінде әлемдік қоғамдастық дең­гейінде ерекше бағаланып, мемлекет дамуында өзінің өзектілігі мен өмір­шең­дігін ұдайы дәлелдеп келеді. Соның нәтижесінде, Қазақстан ТМД ел­дері­нің ішінде бірінші болып н­арық­тық эко­но­микалы мемлекет ре­тін­де танылды. Ширек ғасырда ішкі жалпы өнімі доллармен есеп­теген­де 20 есе, орташа еңбекақы 17 есе өсті. Шамамен 2 миллион жұмыс ор­ны ашыл­ды. Елдегі кедейшілік дең­гейі 20 есе қыс­қарды. Егер 90-шы жыл­дар­дың басында әрбір үшінші адам Қазақстанда кедейшілік шегінің арғы жағында өмір сүрсе, бүгінде кедей­шілік деңгейі 3%-дан да төмен.

Республикалық маңызы бар 10,5 мың ша­қырым автомобиль жолы салын­ды және жөнделді. Ин­дуст­рия­лан­дыру бағдар­ламасы бойынша 6 жылда 3,8 триллион теңгеге 900 жоба қолданысқа енгі­зіліп, 85 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. Ел­дің халықаралық резерві­нің көле­мі, Ұлттық қор қаржыларын қоса алғанда, 95 миллиард долларды құрап, ІЖӨ-нің 50%-ына дейін артты. Қар­жы және банк жүйесі, даму және экономиканы басқару институттары құрылып, тиімді жұмыс істеуде. Тәуелсіздік жылдарында ішкі жалпы өнімнің көлемі ондаған есе артып, жоғары деңгейге жетті.

Республикамызда шетелдік қар­жы­ның едәуір көлемін тартуға және бір­лес­кен экономикалық жобаларды іске асыруға ықпал ететін қолайлы ин­­­вес­­­ти­­ция­лық ахуал қамтамасыз етіл­­ді. Тәуелсіздік жыл­дарында Қа­зақ­­­стан­­ға 255 миллиард доллар тіке­­­лей шетел инвес­ти­­ция­сы тартылды. «Бизнесті оңай жүргізу» рейтингі бойынша еліміз 189 елдің ішінде 41-ші орын алады. Еңбек рыногының тиім­ділігі бойынша Қазақстан 140 елдің ішінде 18-ші орында тұр. Шетел­­дік инвесторлар үшін «жасыл дәліз» ашылды. Аграрлық сек­тор­ға Гер­маниядан, Италия мен Қытай­­дан стратегиялық инвес­торлар тар­тыл­ды. Елімізде үдемелі ин­­дус­­т­рия­­­лық-инновациялық даму бағ­­­да­р­­­ламасы кезең-кезеңімен іске асы­ры­лып, бүгінде біз бұл бағыттың екін­­ші бес­­жылдығына аяқ бастық. Осы­­ған орай, Қазақстан шикізатқа тәуел­­ді­­лік­­тен арылып, ғылымды қа­жет ете­тін экономика құруға бел шеше кірісті.

Экономикадағы тұрақтылықтың арқа­сын­да жалақының, зейнетақы­ның, шәкірт­ақының және мемле­кет­­­тік жәрдем­ақы­ның тұрақты өсуі қам­­тамасыз етілуде. Мем­лекет­тік бюд­жеттің әлеуметтік инфра­құры­лым, денсаулық сақтау, білім беру, ғы­лым, мәдениет және спорт сала­ларын­­дағы көрсетілетін қызметтерді дамы­туға едәуір қаржы бөлінуде. Тәуел­сіздік жылдарында шамамен 1400 мектеп пен 1300 денсаулық сақ­­тау нысандары салынды. Тәуел­сіз­­дік жылдарында әлеуметтік сала шы­ғындары ІЖӨ-нің 6%-ынан 10%-ынан астамға дейін өсті. Қазақ­стан­­дық­тар­дың орташа өмір жасы 72-ге ұлғай­ды. 100 миллион шаршы метр­­ден астам тұрғын үй пайда­лану­ға б­ері­­ліп, халықтың баспанамен қам­­­т­а­ма­сыз етілуі бір жарым есеге ұл­ғай­­ды. Міне, осы­лар­дың бәрі Елбасы атап көрсеткендей, елі­міз­ді «сер­пі­­ліс­­ті тарихи дәуірге» алып келуде.

Серпінді экономикалық өрлеулер мен әлеуметтік оң өзгерістердің жүзеге асуына Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қалып­тастырған халық­тың бірлігі мен келісі­мін қам­та­масыз еткен бірегей моделі сер­пі­ліс бергенін атап өтуіміз керек. Азат­тық­тың алғашқы жылдарын­да мемлекет құрушы қазақ халқының саны жалпы ел халқының жартысына да жетпеуі егемен елдің байрағын биіктетуге елеулі сынақ болды. Осындай сын-қатерлі тұста Прези­дент мықты мемлекет қалыптастыру жолында барлық этностардың мұрат-мақсат­тарын тоғыс­тырудың мүмкін­дігін іс жүзін­де дәлелдеп берді. Елбасы дүние­ жүзі­­нің бірде-бір мемлекетінде тә­жі­­­ри­­­бе­ге енбеген Қазақстан халқы Ассам­блея­­сын құрып, этносаралық қаты­нас­тарды жетілдіруде іргелі іс­­тер­ге жол ашты. Өткен жылы бі­ре­­гей қоғамдық институттың құрыл­­ғанына 20 жыл толуына орай Қазақ­­стан Рес­публикасы Прези­денті­­нің Жар­лы­ғымен 2015 жыл ҚХА жы­лы деп жарияланды. Осы уақыт ара­­лы­­ғын­да Қазақ­стан этно­сая­­саты­­ның елеулі артық­шы­лық­тары қа­лып­тастырылды. Ел­ба­сы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орнықты саясатының арқасын­да аза­мат­тық тең құқықты іске асыру­дың тетіктері жасалды. Азамат­тық қағидат негізінде қазақ­стан­дық біре­­гей­лік пен бірлік қалыптас­ты­ры­­лып, нығая түсуде. Қазақстандағы этнос­тардың өкілдігі және олардың мүд­делерін іске асыру ең жоғары мем­лекеттік деңгейде жүзеге асырылуда – Конституцияның кепілі ел Президенті ҚХА Төрағасы болып табылады. Ассамблея сессияларының шешімдерін барлық мемлекеттік органдардың қарауы және орындауы міндеттілік ретінде бекіді. Ел Парламентіндегі этностардың кепілді өкілдігі ҚХА-ның Мәжіліске 9 депутат сайлауы арқылы қамтамасыз етілуде. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын өзек еткен қазақстандық бірегейлік пен бір­лік­тің құндылық негізі қалыптастырылды. Мемлекет этностардың тілі, дәстүр­лері мен мәде­ниетін дамыту үшін жағдай жасады және қолдау көр­сетіп келеді. Бірегейлік пен бір­­лік­тің қазақстандық моделі аза­мат­тық бас­тамашылдықтың, азамат­­тық қоғам инс­ти­туттары мен мемле­кет­тің сындарлы диало­гының негі­зінде дамуда. Соған сәйкес, тиісті нормативтік-құқықтық актілер қа­бы­лданып, барлық деңгейдегі әкім­дер мен ірі кәсіпорындар жанынан ҚХА-ның қолдауымен қоғам­дық келісім кеңес­тері құрыл­ды. Қазақ­стан Республикасы Прези­денті­нің Жарлығымен 2014 жылы ҚХА қыз­метін қамтамасыз ету жөніндегі ұйым ретінде Қазақстан Республикасы Пре­зи­денті­нің жанынан «Қоғамдық келісім» респуб­ли­калық мемлекеттік мекемесі құрыл­ды. Қайырымдылық, медиация туралы заңдар қабылданды.

«Егеменді ел көрікті, бетегелі бел көрік­ті» демекші, мемлекеттің тірегі, іргета­сы да, рухани тамырымыз да – ауылда екені мәлім. Өткен жылы Елбасы ұсынған «Ұлы Дала елі» ұғымының астарына үңілсеңіз, ең әуелі көз алдыңызға алтын діңгек – ауыл келетіні ақиқат. Өйткені, ұлты­мыз­дың тұтастай генофонды, руха­ни тамыры, мәдени кодының бәрі ауылда жатыр. Тәуелсіздік ауыл­ға не берді деген сұраққа келсек, ең әуелі аграрлық сектордың жаңа сатыға көтерілгенін атап өтуіміз керек. Елімізде ауыл шаруашылығын дамыту үшін әлемдегі ең жақсы жағ­дай қалыптас­қан. Қазақстанның ауыл шаруа­шылығы жерлерінің ауданы – 215 миллион гектар. Бұл – әлем­дік ресурстардың 4 па­йыздан астамы. Қазақстан бір тұрғынға шақ­қандағы егістік алқабының ауданы жөнінен әлемде Австралия және Канадамен бірге алдыңғы қатар­да тұр. Өңірлердің табиғи-кли­мат­тық тұрғыдан әралуандығы мен топы­рақтың құнарлылығы бізге түрлі бағыттарда – бидай, күріш, май­лы дақыл және жемшөп дақыл­дары, ет және сүт өндірісінде бәсе­кеге қабілетті болуға мүм­кін­дік береді. Қазақ­стан әлем­дегі ірі ас­тық экс­порт­таушылардың онды­ғына кіреді. Ор­талық Азия елдеріне жыл сайын 6 мил­­лион тоннаға дейін, Еуропа­лық одақ ел­деріне 2 миллион тоннаға дейін ас­тық экспорт­талады. Жалпы алғанда, Қазақ­стан экспорты­ның географиясы 70 елді қамтиды.

«Агробизнес-2020» ауқымды бағдар­ламасы жүзеге асырылуда, оның аясында аграрлық азық-түлік секторына 16 миллиард доллардан астам қаражат инвестицияланатын болады. Соңғы 4 жылдың өзінде мемлекет агроөнеркәсіп кешеніне 5 миллиард доллардан астам инвестиция салды.

Елбасы бұған дейінгі Жолдау­ларында ұсынған «100 мектеп, 100 аурухана» жобасы еліміздің түкпір-түкпірінде жаңа мек­теп­тер мен ауруханалардың бой көтеруі­не жол ашты. Ауылдық аумақтар­дың инфра­құрылымын қалыптас­тыру жұмыс­­тары өз нәтижесін беруде. Ауыл­дық аумақ­тар­дағы фермерлерді қолдау мақ­сатында қабылданған «Сыбаға», «Алтын асық», «Ырыс» және басқа да бағдарла­ма­лар арқылы мемлекет тарапынан несие беру шара­лары игілікті жолға қойылды. Ауыл тұрғындарын таза сумен қамтамасыз етуге бағыт­талған «Ақ бұлақ» бағдар­ламасы­ның қолға алынуы, мектепке дейінгі жеткіншектерге тәрбие беруге бағытталған «Балапан» бағ­дар­­ламасының басталуы және бас­қа да игілікті істер ауылға деген тәуелсіздіктің тартуы деп есептеуіміз керек. Ауылдық жерлерде Қазақ елінің бола­шақ Абайы мен Шоқаны, Бауыржаны мен Қанышы өсіп келе жатқанына ешқан­дай күмәніміз жоқ. Сол себепті, ауылдық аумақ­тарда білім деңгейін көтеруге әлі де көп көңіл бөле беруіміз керек.

Жалпы ал­ғанда, ауыл мектептері­нің материалдық-техникалық базасын нығай­тып, оларды біліктілігі жоғары кадр­лар­мен қамтамасыз ету жұмысы жалғаса бер­мек. Сонымен бірге, ауылдардың инфра­­құ­рылымы мен әлеуметтік саласын дамыту, қа­жет­­ті бі­лім, денсаулық сақтау, мә­де­­ниет, спорт ны­сан­дарын салу, жөн­деу жұмыстары толастамауы керек.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев биыл Жер реформасы жөніндегі комиссия­ның Жер кодексінің жекелеген нормаларына қатысты мораторийдің күшінде тұру мерзімін 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Мемлекет бас­шысының ұйғарымымен құрыл­ған Жер реформасы жөніндегі комиссия қоғамды толғандырған проблемалық мәселелерді талқылай отырып, үлкен жұ­мыс жүргізді. Үкімет енгізетін жеке­ле­ген заң жобасын­да көрініс табуы тиіс бірқатар ұсыныстар әзір­леді. Атап айтқ­анда, ол ауыл шаруа­­шы­лығы мақсатындағы жер­­лер­­ді беру процедураларын жетіл­діру, олардың ұтым­­ды пайдаланы­луына бақылауды күшей­ту мәсе­ле­лері­не қатысты. Жалпы, ауыл шаруа­­шы­л­ы­ғын дамыту оған ілесе көп­те­­ген са­ла­­лар­дың дамуына жағ­дай туғызады.

Тәуелсіздіктің алғашқы жыл­дарын­­дағы бірқатар қиындық­тарға қарамастан, Ел Президенті мәдениет саласына ерекше мән беріп, нақты қолдау көрсетуді жолға қойды. Атап айтсақ, 2003 жылы Мем­­лекет басшысы Қазақстан халқы­на Жол­­дауында Қазақстанның мәдени мұрасын, гуманитарлық білім қорын, тари­хи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қал­пына келтіруді, ұлттық әдебиет пен жазу­дағы көпғасырлық тәжіри­бені бірік­тіруді зерттеудегі бірыңғай жүйе қалып­тастыруға бағытталған бағдарлама жасау­ды тапсырды. Тарихи бастама бойынша ТМД елдерінде бұрын-соңды болмаған «Мәдени мұра» бағдарламасының кешенді түрде іске асырылуы халық­тың бойында рухани сілкініс жасап, тарихи-мәдени қорымызды толық­тыр­ды. 2004 жылдан – бағ­дарла­ма­ны жүзеге асыра бастаған кезден бастап тарих пен мәдениеттің 78 ес­­керт­кішінде реставрациялық жұ­мыс­тар жүргізілді. Ғылымды жаңа ар­те­фак­ты­лар­мен байытқан 26 ғылыми-қолданбалы, 40 архео­ло­гия­лық зерттеу жүргізілді. Шығыс Қазақ­стан облысындағы Шілікті мен Берел қорғандарындағы (б.з.д. V-III ғғ.) қазбалар, «скиф-сібір аң стиліне» немесе өнерге жататын табылған алтын бұйымдар әлемге әйгілі болды. Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет еліміздегі ескерткіштердің масштабты инвентаризациясы өткізілді және республикалық (218 нысан) және жергілікті (11 277 нысан) маңызы бар тарих пен мәде­ниет ескерткіштерінің Тізімі бекітілді.

Қы­тай, Түркия, Моңғолия, Ресей, Жапо­ния, Мысыр, Өзбекстан, сонымен қатар, АҚШ пен Батыс Еуропаға ғылыми-зерт­теу экспедициялар нә­ти­жесінде 5 мың­нан астам құнды тарихқа, этнографияға, Қазақстан өнеріне байланысты архивті құжат­тар, қолжазбалар мен баспа шы­ға­ры­лымдары алынды. Алғаш рет «Мәдени мұра» бағдарламасы ая­сын­да қазақ тіліндегі толымды гу­ман­итарлық білім беру қорын құру басталды. 537 кітап бір жарым мил­лионнан астам тиражбен шы­ғарылды, олардың арасында тарихқа, археологияға, этнографияға, жаңа энциклопедиялық сөздіктерге байланысты қайталанбас сериялар кез­деседі. Атап айтсақ, «Бабалар сөзі», «Библиотека мировой литературы», «История казахской литературы», «Философское наследие казахского народа с древнейших времен до наших дней», «Мировая культурологичес­кая мысль», «Экономическая классика», «Мировое философское наследие» сияқты қатарлар бар. Орта ғасырлардағы әуендерді терең зерттеулер жүргізілді, оның ішінде күйлер, тарихи өлеңдер. Қазақтың дәстүрлі әндерінің «Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күй, 1000 әні» антологиясы шығарылды.

Президент мәдениеттің, әдебиет пен өнер­дің ерекше еңбек сіңірген танымал тұл­ға­­ларына дәстүрлі стипендия тағайын­дады, мәдениет ошақтары мен өнер ордаларына мем­лекет қаржысын тиісінше бөлдіріп отыр­ды. Қазір жыл сайын осы сала­ның бел­гілі қай­рат­керлері мен жас талант­тарына арнау­­лы стипендиялар беріліп келеді. Әде­­биет, кино, театр өнері жаңа кезеңге көтерілді.

Бүгінде әлемнің ең дәулетті адам­­дары­­ның алдыңғы легінде тұр­­­ған комп­ью­терлік ғұлама Билл Гейтс­­­тің «Білім – басқара білу­дің бас­­ты құралы» деген сөзі бар. Жаңа Қа­зақ­стан­ды заманауи білім­мен қаруланған білікті мамандар ғана алға оздыра алатынын ай­қын бол­жаған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осыдан 23 жыл бұ­рын тікелей бас­тамасымен «Бола­шақ» халықаралық стипен­диясын тағайындады. Бағдарлама жүзеге асырылып келе жатқан осы кезеңде 12040 қазақстандық жасқа стипендия тағайындалды. Соның ішінде, бү­гінде осы бағдарлама арқылы 8 885 маман шетелде білім алып, олар­дың 99 пайы­зы жұмысқа орна­лас­тырылды. Қазіргі уа­қыт­­та «Бола­шақ» бағ­дарламасының тиімді­­лі­гін арт­­тыру және тағайын­далатын сти­пен­дия­лар­­дың қолданыстағы қадам­дарын қайта қарау­дың қажет­тігін уа­қыт­тың өзі талап етіп отыр. Сон­­дық­тан, халықаралық тәжірибе жан-жақ­ты зерделеніп, тиісті түзету­лер ен­гізіл­ді. Біріншіден, үміт­кер­лер­ге стипендия тағай­ын­дау мен ма­ман­дарды даярлаудың сапа­сы­на қой­ылатын талаптар күшейтілді. Үміт­­кер­­лер­дің академиялық және тілдік білім дең­гей­леріне қойылатын талаптар арттырыл­ды. Нәтижесінде, 2015 жылы IELTS бо­йын­ша тап­сы­­рыл­ған тестің санаты 3-тен 5-ші дең­­­гей­ге дейін көтерілді. Экономика сала­­лары­­­ның қажеттілігіне талдау жаса­лып, «100 нақты қадам» Ұлт жос­парын­да белгі­лен­ген бағыттарды жү­зеге асыратын мамандарды даяр­­лау­ға басым­дық берілді. Сон­дай-ақ, магистр дәрежесін алуға мә­де­­ниет қыз­мет­кер­лері, БАҚ маман­дары, инженерлік-техника­лық қыз­меткер­лерге арналған жаңа кво­та­лық санаттар енгізілді. Стипен­диат­­­тар­ды оқыту үшін жоғары оқу орын­дары тізімін жасақ­тау тетігі қай­та қаралды. «Болашақ» бағдар­ла­масы арқылы мамандар даяр­лау­да тек қана халықаралық рей­тинг­те алғашқы 100 позицияны ие­лен­ген және пәндік рейтингте ал­ғаш­қы ондыққа енген университет­тер ғана таңдап алынуда. Бағ­дар­лама аясын­да Қазақ­станның ғылыми-зерттеу әлеуе­тін арттыру мақсатында ғалымдарға білім беру және зерттеу жұмыстары отандық және шетелдік екі университетте қатар жүр­­гізу қарастырылған Split PhD оқыту моделі енгізілді. Биылғы жылдан бастап биз­несті басқару саласында мамандар даяр­лау бойын­ша MBA бағдарламасының жұ­мы­сы жандандырылды. Аталған бағ­дар­лама үшін әлемдегі үздік 10 биз­нес мектепте оқуға 10 сти­пендия бөлінді. Стипендия тағайындау жө­нін­­дегі конкурсқа қажетті құжат­тар тізімі қыс­қартылып, байқау­дың ашық­тығын қам­та­ма­сыз ету мақ­сатында қабыл­дау кезінде бей­­не­­камера ар­қы­лы қада­ғалап отыру тәртібі ен­гізіл­ді. Тәуелсіз сарап­­шы­­лық комис­сия­ның құрамы жаңар­­ты­лып, оған мемлекеттік қыз­мет­кер­лермен қатар, үкі­меттік емес ұйым­­дар­дың, бизнес құры­­лым­­­дардың және басқа да азаматтық қоғам­­­дар­дың өкілдері енді. Бағ­дар­лама шығын­­дарын жү­йелі түрде оңтайландыру жұмыс­­­тары жүр­гізілді. 2015 жылдан бас­тап ағыл­­шын тілін оқытудың жа­ңа мо­делі ен­гі­­зілді. Яғни, 12 ай­дың ал­ғашқы 6 айын Қазақ­­стан­­да, қал­ған 6 айын шетелде оқыту үлгісі бек­­ітіл­ді. Бұған қоса, қысқа мерзімді тағ­­лым­­дамаларды ұйымдастыру көле­мі 4,5 есеге қыс­қартылып, ака­де­­­мия­лық даярлауға басым­дық беріл­ді. Бүгінгі таңда Елбасының «Бола­шақ» стипендия­сы арқылы білім ал­ған аза­маттардың қатары­нан мем­лекеттік дең­гей­дегі басқару­­шы­лар тобы қалыптасты. Сондай-ақ, Қазақ­станның ғылымы мен эконо­микасын, өнерін өркендетуге үлес қосып жатқан дарынды жастар да баршылық. Атап айтсақ, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Қазақстанның мәдениеті мен спортын өркендетіп жүрген бел­гілі дирижер Алан Бөрібаев, бокс­тан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев және басқа да талантты аза­мат­­тарды атауға болады. Бұған қоса, Гол­л­ан­­дия­да докторантурада оқи­тын Қазыбек Төлеу­баев өсім­дік­­тер­ді қорғау саласында біре­гей ғылы­ми жаңалық енгізді. Бұл ар­қылы ауыл шаруа­шылығын отандық эко­но­ми­каның бас­ты драйверіне ай­нал­дыруға мүмкіндік тумақ. АҚШ-та докторантурада оқыған Дамира Қанаева оптикалық биосенсор ойлап тапты. Бұл жаңалық ар­қы­лы санаулы сағаттарда туберку­лез және обыр ауруларының қан­ша­лық­ты асқынғандығын нақты анық­тап, тиісті ем белгілеуге мүм­кін­­­дік береді. Германияның универ­си­­тет­­тік кли­ни­­касында білім алып, ор­д­и­натурадан өт­кен балалар хи­рургы Дмитрий Горбунов Аста­на­­­дағы кардиохирургиялық орталықта жүрек және қан тамырлары ауру­лары бойынша 2 мыңнан астам опе­ра­ция жасады. Апалы-сіңлілі Мәдина, Фатима және Диана Ра­қышева­лар Францияның жоға­ры оқу орнында фортепиано, скрипка және вио­лончель кластары бойын­ша магис­тра­­тура­ны тәмамдады. Бүгін­де аталған дарын­ды жас­тар шет­ел­дердің үлкен сахналарында Қазақ­стан­ның беделін арт­тыру­да. Бұлар халқымыз айт­пақшы «Ел деген­де езіле, жұрт дегенде жұмыла» қыз­мет етіп жүрген азаматтар. Яғни, осы және басқа да білікті мамандар бүгінде «Қазақстан-2050» Стратегиясын, Ұлт жос­парын, «Нұрлы жол» бағдарла­масын іске асы­ру­ға өздерінің білімдері мен біліктерін ар­­на­у­­да. «Болашақтықтар» елі­міз­­дің жаңа бас­­­­­­қару­­­­­шылар тобын қалып­тас­тырып, өске­лең жас­­­­­­тар­­­­дың солар сияқты терең білім алып, білік­­т­і менеджерлер болуына үлгі-өнеге көрсетуде.

Осы айтылған игіліктердің бар­шасы біз мұрат етіп отырған Мәң­гілік Елдің ірге­тасын бекітіп, қабыр­ғасын көтерудің нақты қадам­дары. Ғасырлар бойы Күннің нұрын бойына барынша сіңірген Күл­тегін ескерткішіне «Мәңгілік Ел» құрсақ деген асыл арманын жазып кеткен ата-баба аманатын орын­даудағы бүгінгі ұрпақтың ұлағатты ісі. Сондықтан, еліміздің толайым табыс­тары ешқашан толастамақ емес. Алдағы жылы спорттағы жетіс­тік­тері­мізді тағы бір паш ететін «Уни­вер­сиада-2017» сайысын ұйым­дас­тыру, еліміздің халық­ара­лық имид­жін жаңа сатыға көтеріп, Қазақ­­стан­да «жасыл» экономи­ка­ның өр­кен­деуіне жол салатын ЭКСПО-2017 халықаралық көрме­сін өт­кізу, ең бастысы, елімізді жал­пы жа­һан­ның қауіпсіздігі­не жауап­ты мем­ле­кет деңгейіне көтер­ген БҰҰ Қауіп­сіздік кеңесіне екі жыл қатары­нан тұрақты емес мүше­лігін атқарудың зор міндеті тұр. Осынау ар­шынды қадамдардың баршасы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының ар­қа­сында Қазақстанды «Мәңгілік Елге» айнал­дырудағы абыройлы істердің арқауын жалғап, Ұлы Дала елінің келешегін кеңейте түсетіні ақиқат.

Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар