$ 448.15  483.46  4.86

Сайрамда тәуелсіздік мерекесі аясында ашылған шипажай өз жұмысын бастады

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай ОҚО Сайрам ауданы әкімі С.А.Сапарбаев бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қарабұлақ ауылдық округінде 25 орынға жоспарланған «Ақ ниет» шипажайының ашылу салтанаты өтті.

Жиында сөз алған аудан әкімі С.Сапарбаев көпшілікті тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, осынау мереке қарсаңында ашылып отырған шипажай жұмысына сәттілік тіледі.

-Денсаулық – адамзат тіршілігінің тірегі, адам баласының алақан жайып, Тәңірден тілейтін асыл тілегі, айналасындағы жандарға қуаныш пен қайғыда ақ көңілден арнайтын ақ ниеті. Адамзаттың қадірі – алтыннан артық денсаулығын жақсарту жолында, тұла бойына күш-қуат дарыту мақсатында қоғам үшін ізгілікті істермен айналысатын арнайы шипажайлар бар. Аудан іргесінде орналасқан «Ақ ниет» пансионаты еліміздің игілігі үшін қалтқысыз қызмет етуіне шын жүректен тілектеспін, - деді аудан әкімі.

Еліміз егемендікке қол жеткізіп, дамудың даңғыл жолына түскелі Қазақстанның әрбір аймағы, әр елді мекені өркендеп келеді. Жүзеге асырылған оңды істердің барлығы ең әуелі ел тәуелсіздігінің, Отанымыздағы тыныштық пен ауылдағы ағайынның бірлігі мен ынтымағының жарқын көрінісі болса керек. Сондықтан, келешекте де ең басты құндылығымыз – егемендікті бағалай отырып, еңселі ел болу жолында бірлескен әрі берекелі істерді жалғастыра беретін боламыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары