$ 439.43  473.31  4.82

Сайрамда «Туған елге тағзым» атты кеш өтті

Бүгін ОҚО Сайрам ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Туған елге тағзым» атты мәдениет және өнер майталмандарымен кездесу кеші өткізілді. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Кездесу кеші барысында аудан әкімі Сапарбаев Самат Айдарханұлы еліміздің тәуелсіздігіне 25 жыл толу қарсаңымен құттықтап, өнер жолында еңбегі сіңген өнер майталмандарын арнайы алғыс хатпен марапаттады.

Мерекелік шараны өңірдегі зиялы қауым өкілдері мен мемлекеттік қызметкерлер, барлық саланың мамандары, еңбек азаматтары мен қала тұрғындары тамашалады. Тәуелсіздік тойына қатысқан өңір басшысы С.Сапарбаев оңтүстікқазақстандықтарды еліміздің Егемендік алған күнімен құттықтап, азат еліміздің ертеңіне үлкен үмітпен қарайтынын жеткізд.

«Бүгін біз ең ұлы мейрамымыз – Тәуелсіздік күнін атап өтуге жиналып отырмыз. Бұл күн – біздің елдің алдында керемет мүмкіндіктер ашқан, болашағымызға үміт сәулесін түсірген киелі күн! Тәуелсіз ел ғана өзінің келешегін сомдай алады. Тәуелсіз ел ғана ешкімге жалтақтамай өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізе алады. Мұндай мүмкіндікті кеше ғана орталығы – Түркістан болған, кеше ғана осы жерде талай заманды басынан кешірген асыл бабаларымыз аңсап өтті. Осы арманның орындалуы қазіргі дәуірге куә – біздердің бағымызға бұйырыпты. Бұл деген үлкен бақыт, ағайын!» - деді аудан әкімі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары