$ 448.15  483.46  4.86

Жібек жолы модельді ауыл кітапханасында патриоттық сағат өткізілді

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында «25 жұлдызды» күннің аясында ОҚО Сайрам аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Жібек жолы модельді ауыл кітапханасында «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының жаһандық бастамалары» тақырыбында патриоттық сағат өткізілді. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап оытр.

Іс-шара барысында патриоттық әндер айтылып, өлеңдер оқылды. «Әлемдік тұлға» атты кітап көремесіне шолу жасалды. Елбасымыздың көрегенділік саясаты мен жасампаздығы кітапхана оқырмандарына паш етілді.

Елбасының оқушылар арасында салауатты өмір салты принциптерін іске асыру, дене тәрбиесімен және спортпен шұғылдану қажеттілігіне тәрбиелеу туралы саясатын қолдау мақсатында зияткерлік ойындар – шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы және спорттың басқа да түрлерінен ойындар, эстафеталық жарыстар өткізілді. Жарыс салтанатты түрде Мемлекеттік гимнмен ашылды. Ойын соңында жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.

«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты Жолдауында Елбасы: « Мәдениет қазіргі заманғы адамды қалыптастыруға және дамытуға ықпал ететін әлеуметтік жаңғыртудың елеулі жиынтығы болып табылады. Мәдениет мекемелеріне бару деңгейі осы саланың динамикасынан кейін қалуда» делінген. Оқушыларға азаматтық-патриоттық тәрбие беру жан-жақты компоненттерді оқып білуден басталады десек, Елбасының өмірі мен шығармашылығы жайлы, жастардың бойында болашаққа деген нық сенім, патриоттық сезім қалыптастыратын «Әлем-Нұрсұлтан Назарбаев туралы», «Президенттің уақыт және өзі жайлы толғаныстары», «Балалық шағымның аспаны» атты деректі және кинофильмдер оқушылар назарына ұсынылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары