$ 443.37  474.49  4.83

Студенттер арасында портреттік сағат өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің» атты 25 жұлдызды күн жобасы «Жаһандық бастамалар» күніне арналады. Осы күнге орай «Бейбітшілік жолындағы Елбасының жаһандық бастамалары» тақырыбында ОҚО Сайрам аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Ақсукент көпсалалы колледжінде портреттік сағат өткізілді. Студент жастарға мемлекетіміздің елбасының жаһандық бастамалары туралы мәлімет беріп, тақырыпқа сай кітаптардан көрме жасалды.

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барша әлем басшыларын қарусыздану мен таратпау ісіне әрі қарай да батыл үлес қосуға шақырады. Аталған салада Қазақстан екі онжылдық бойы үлгі болып келе жатыр. Себебі Қазақстан әлемде алғаш болып өз аумағындағы ядролық сынақ полигонын жапты.

Бұған қоса, әлеуеті жөнінен әлемдегі төртінші ядролық арсеналынан өз еркімен бас тартты. Сөйтіп, әлемдік қоғамдастық алдында жақсы атқа ие болып қана қоймай, бейбітшілік бағытындағы бастамаларын тұрақты жалғастырып келеді. Бұл бастамалар негізінен қарусыздану мен таратпау бағыттарын көздейді. Жалпы алғанда, жарияланған манифест Қазақстанға тек бедел мен сенім қосатын болады.

Тәуелсіз Қазақстанның даму жолындағы Елбасының жасаған жаһандық бастамаларын кейінгі жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге қатысқан әр оқушы Елбасының еңбектеріне тоқталып өз ойларын ортаға салып, пікірлерін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары