$ 447.4  477.55  4.76

Тілдерді оқыту және дамыту орталығын 675 оқушы бітірді

Мемлекет басшысының Жолдауынан, «Қазақстан 2050» стратегиясынан туындайтын міндеттердің әрбірі қоғамдық өмірдің барлық саласындағы азаматтардың күнделікті қызметі мен тіршілігіне тікелей қатысты. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында Сайрам аудандық Тілдерді оқыту және дамыту орталығы өз жұмысын қортындылады.

2011-2013 жылдары халықтың қазақ тілін, орыс және ағылшын тілдерін үйренуге деген ынта-ықыласын, сұранысын ескерген облыс әкімі А.Мырзахметов барлық аудандардағы мемлекеттік қызметкерлерге 3 тілді тегін оқытатын орталықтарды ашу туралы тапсырма берді.

Осы тапсырманың негізінде 2013 жылғы 6 мамырда Сайрам ауданы әкімдігінің «Сайрам аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ құру туралы» №869 қаулысы қабылданып, орталық өз жұмысын бастады.

Оқыту орталығында аудандағы әр түрлі сала бойынша 26 мекеме қызметкерлері үш тілде деңгей бойынша оқып, тіл үйреніп шықты. Қазіргі уақытқа дейін оқыту орталығында үш тіл бойынша 675 тіл үйренуші оқып, оның 621-і сертификат алды.

Елімізде жүргізіліп жатқан саясаттың негізгі өзегіне айналып отырған тілдің жайы қоғамдық ортада кеңінен қолдауын тауып келеді. Бұған дәлел – аудан-аймақтарда жұмыс істеп жатқан тілдерді оқыту және дамыту орталықтарының іс-әрекеті делік. Аталмыш орталық қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде тегін дәріс беріп, тіл үйренемін деушілердің қабілетін көтеріп отыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығымен бекітілген « Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында»: «Қазақстан Республикасында қазақ тілін меңгерген азаматтар 2014 жылға қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 80%, 2020 жылға қарай – 90% құрауы тиіс» деп нақты айтылған болатын. Сонымен қатар Елбасы халыққа Жолдауында: «Көп ұлттылық пен көп тілділік біздің еліміздің басты артықшылығы,» - деп ерекше атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары