$ 441.66  475.14  4.86

25 кәсіпкерді марапаттау шарасы Кентауда жалғасын тапты

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Оңтүстік Қазақстан облысының ең үздік 25 кәсіпкерді марапаттау шарасы Кентау қаласында жалғасты.

Жас кәсіпкер Мұсаханов Әзімханның бастамасымен жүзеге асып отырған таза ауыз су өндіру және ұйымдастыру жобасы «Үздік жоба» номинанты атанды. Жалпы құны 3 миллион теңге болатын цех Кентау қаласында орналасқан. Жобаны іске асыру үшін аудан тұрғыны «Ырыс» МҚҰ-н 7 пайызбен несие алып, қажетті техникаларға тапсырыс бергендігін айтады. Мәселен, суды 8 сатылы сүзгіден өткізіп, ыдыстарға құятын мына аппараттар Қытайдан әкелінген. Цех күніне су өндіре алады. Әрі жергілікті үш тұрғынды жұмыспен қамтып отыр.

Кәсіпкер Салиханов Икрам «Диас» атты кондитер цехын 3 млн теңгелік «Ырыс» қаржы орталығынан 7 пайыз несие алып ашқан. Ақшаға цехқа қажетті кондитер тағамдарын дайындайтын пеш және басқа да заманауи жабдықтар сатып алған. Қазіргі кезде тәттілер жасап шығаратын цех жұмыс жасап тұр. Цехта бір күнде тәтті тағамдардың 40 түрі пісірілсе, шығарылған өнім көлемі 130-140 келіге жетеді. Кәсіпорын өндіретін түрлі-түсті тәттілер, дәмді тоқаштар, тіл үйірер дәмді торттар, бауырсақтар, самса, жұмсақ құймақтарға ауылдықтардың сұранысы жоғары. Ал, жалпы кондитер өндірісі – бұл әйел адамға тән бизнес болғандықтан, мұнда 10 шақты қыз-келіншек жұмыс жасап келеді. Бұл жоба да 25 кәсіпкерді марапаттау акциясы аясында жүлделі орынға ие болып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары