$ 444.32  473.33  4.76

Шымкентте «Бірлігіміз жарасқан – Мәңгілік ел» атты ақындар айтысы өтеді

Биыл 2-3 желтоқсан күндері сағат 11:00-де  Шымкент қаласындағы «Түркістан» сарайында «Бірлігіміз жарасқан – Мәңгілік ел» деген атаумен республикалық ақындар айтысы өтеді. Айтулы жыр додасы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналып отыр.

Жыл сайынғы дәстүрге айналған жүйріктердің сөз сайысынан бұл доданың өзгешелігі республикалық дәрежеде қолға алынып отыр. Суырып салмалығымен алты алашқа мәлім айтыскер ақындар аламанына Оңтүстік Қазақстан облысы атынан Ж.Наушабеков, К.Оралова, А.Жаппарқұлова, Н.Мейірманов, Н.Есенқұлов, Қ.Абзалов, Б.Байтуов, Д.Ақсақалов, Н.Әнапия, А.Ниязбек және еліміздің өзге облыстарынан С.Тоқтамысова (Астана қ.), А.Тұрсынбаева(Астана қ.), Ж.Бұлғақов(Астана қ.), М.Айтбай (Қызылорда), С.Әуезхан (Қостанай) қатысса, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан елдерінің де сөз дүлдүлдері осы мерекеге орай арнайы шақырылды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Елбасы күніне орай ұйымдастырылған сөз жүйріктерінің додасына облыс әкімі  екі авто көлік және қаржылай жүлделер тағайындап отыр.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ - ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 НЕГІЗІ» атты 25 жұлдызды күн акциясы бастау алған болатын. Акция аясында облыс аумағында мерекеге арналған жүздеген іс-шара өтеді. Айтулы ақындар айтысы осы акция аясында өтетін шаралардың бірі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары